"Екі-ақ сағат ұйықтаймын": Елорданы омбы қардан тазартып жүрген ана айлығының өскенін қалайды

19 Қараша, 2019 419 0

Нұр-Сұлтан қаласының тазалығы үшін тыным таппай еңбек етіп жүрген Айгүл Қаржауқызы есімді тұрғын өзінің ауыр жұмысы туралы айтып берді. 

Көпбалалы ана таңғы сағат үште тұрып, елордадан 80 шақырым қашықтықта орналасқан ауылдан еліміздің астанасына барады деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ порталы Еуразия бірінші арнасына сілтеме жасап.

Айгүл Қаржауқызы елорданың тазалығына атсалысып жүргеніне 6 жыл болғанын, жалақысы айына 80 мың теңге.

Оның айтуынша, жұмысына сақылдаған сары аяз да, бет қаратпайтын боран да кедергі емес.

Көпбалалы ана ауылда табыс көзі болмағандықтан, 4 баласының қамы үшін 80 шақырымдық жолды артқа қалдырып Нұр-Сұлтанға келетінін жасырмады.

"Біздің еңбегіміз ауыр. Таңғы 3-те тұрамыз. 2 сағат жол жүріп келеміз. Жол да қазір қыс мезгілінде қиын. Тайғанақ болады", - дейді ол.

Күніне екі-ақ сағат қана ұйықтайтын әйел адам күйеуі бірнеше жыл бұрын өмірден өткен

"Күніне екі-ақ сағат қана ұйықтаймын. Өйткені, бір ұл, үш қызым бар. Үлкен қызым тұрмыста, одан бір немерем бар. Жолдасым осыдан төрт жыл алдын қайтыс болды", - дейді көпбалалы ана.

Айгүл Нұржауқызы үкіметтен 44 мың теңге жәрдемақы алады.

Көпбалалы ана бұл жұмыста ер азаматтарға қарағанда әйел адамдар көп екенін айтады.

Оның сөзінше, көп жағдайда қала тұрғындары еңбектерін дұрыс бағаламайды.

"Бағаламайтын да адамдар болады. Жинап келе жатқаныңызды көріп тұрып, үйдің қоқысын әкеп, урнаның қасына тастап кетеді. Олар "сенің жұмысың ғой, істе" деп айтады. Бірақ мен Астана тазалықта істегеніме арланбаймын. Өйткені, осының артында бала-шағамды бағып отырмын", - деді Айгүл Қаржауқызы.



Тегтер: Нұр-Сұлтанқаласы, қар, тазалық, жұмыс

Достар! Біздің телеграмма арнамызға жазылыңыздар және соңғы жаңалықтарды бірінші болып біліп отырыңыз. Жаңалықтар Сізге дереу жетеді!

Пікір қалдыру

Пікір жазу үшін сайтқа кіріп, телефон нөмірін растаңыз.