Жаңалықтар

Президент Ұлттық банк төрағасына бірқатар тапсырмалар берді

Президент Ұлттық банк төрағасына бірқатар тапсырмалар берді

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлттық банк төрағасы Ерболат Досаевты қабылдап, оған бірқатар тапсырмалар берді, деп хабарлайды Newsroom ақпарат агенттігі тілішісі Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме беріп.  width= Қасым-Жомарт Тоқаевқа қаржы нарығының қазіргі ахуалы мен биылғы қаңтар-сәуір айларында жүзеге асырылған ақша-несие саясатының қорытындылары жөнінде мәлімет берді. Сондай-ақ Ерболат Досаев дағдарысқа қарсы шаралардың іске асырылуы және экономикалық өсімді қайта қалпына келтіру жолдары туралы баяндады. Қазақстан Президенті Жұмыспен қамту жол картасына бөлінген қаржының тиімді жұмсалуын қатаң бақылауға алуды және оның көзделген мақсатқа сай пайдаланылуын қамтамасыз етудің маңызын атап өтті. Осы ретте Мемлекет басшысы өндіріс саласында жаңа жұмыс орындарын ашу қажеттігін айтты. Кездесу қорытындысы бойынша Қасым-Жомарт Тоқаев бірқатар нақты тапсырма берді.