Құрметті қарағандылықтар!

19 Қараша, 2019 161 0

Бүгін 2019 жылдың 19 қарашасында Қарағанды қаласының Қазыбек би және Октябрь атындағы аудандарында терроризм актісінің алдын алу және оның салдарын жою бойынша терроризмге қарсы оқу-жаттығулар өткізіледі.

Шараның мақсаты – терроризмге қарсы күрес жөніндегі Қарағанды облыстық жедел штабы алдына қойылған міндеттерді орындау үшін қажетті күш пен құралдардың дайындығын тексеру болып табылады. 

Оқу-жаттығулар шынайы ұрысқа жақын жағдайда өтеді.

Қала қонақтары мен тұрғындарын сабырлық сақтап, үрейге бой алдырмауын сұраймыз.  


Қарағанды облыстық терроризмге қарсы күрес жөніндегі жедел штабы

Тегтер: Қарағанды, жаңалықтар, оқу-жаттығулар

Достар! Біздің телеграмма арнамызға жазылыңыздар және соңғы жаңалықтарды бірінші болып біліп отырыңыз. Жаңалықтар Сізге дереу жетеді!

Пікір қалдыру

Пікір жазу үшін сайтқа кіріп, телефон нөмірін растаңыз.