Қазақстандық гений Абзал Мырзаш бакалавр дәрежесін 15 жасында алады

18 Қараша, 2019 505 0

     Қазақстандық гений Абзал Мырзаш бакалавр дәрежесін 15 жасында алады, - деп хабарлайды Newsroom.kz ҚР БҒМ Telegram-каналына сілтеме жасап. 
"Қазақ-Британ техникалық университетінің ІІІ курс студенті 14 жасар Абзал Мырзаш келер жылы бакалавр деңгейін алады. Жас данышпан осы күнге дейін негізгі мамандығымен қатар, бірнеше өзге салалар бойынша білім алуда", - дейді Министрліктің баспасөз қызметі. 

        Абзал Мырзаш он екі жасында латын қарпіндегі қазақ әліпбиін төрт нұсқа бойынша жасап щыққан. Қазір ақпараттық технологиялар бағытында ізденіс үстінде жүрген Абзал ЖОО-дан кейін Массачусетс технологиялық институтының магистратурасына түсуді мақсат еткен. 

        "Абзал болашақта ғылым әлемінде ерекше із қалдырарына сеніміміз мол",- делінген ақпаратта. 

Достар! Біздің телеграмма арнамызға жазылыңыздар және соңғы жаңалықтарды бірінші болып біліп отырыңыз. Жаңалықтар Сізге дереу жетеді!

Пікір қалдыру

Пікір жазу үшін сайтқа кіріп, телефон нөмірін растаңыз.