«Нәтиже» мемлекеттік қызметтерді алу және өтініш беру орталығы пилоттық жобасының аралық қорытындысы
«Нәтиже» мемлекеттік қызметтерді алу және өтініш беру орталығы пилоттық жобасының аралық қорытындысы
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі дереккөздеріне сүйене отырып, Азаматтардың өтініштерімен жұмысты қайта іске қосуды, ҚР Президенті атап өткендей, басты назарға алатын «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасын іске асыру аясында 2022 жылдың мамыр айында еліміздің үш облысында пилоттық жоба – «Нәтиже» мемлекеттік қызметтерді алу және өтініш беру орталығы жұмысын бастады, деп newsroom.kz хабарлайды.
Жоба халыққа қызмет көрсету процесін әлдеқайда қолайлы әрі қолжетімді ету үшін әзірленді, осыған байланысты фронт кеңселер жұмысын бір терезе қағидаты бойынша іске қосу жөнінде шешім қабылданды.
Орталықтар қызметіне халық арасында сұраныс артып келеді. 16 мамырдан бастап бүгінгі күнге дейін үш облыс бойынша, атап айтқанда – Түркістан қаласында және Отырар ауданында, Павлодар, Қостанай және Рудный қалаларында фронт кеңсе қызметкерлері 6,5 мыңнан аса кеңес беріп, 2,5 мың мемлекеттік қызмет көрсетіп үлгерді, eOtinish ресми өтініштер қабылдау жүйесі арқылы мемлекеттік органдарға 1 мыңнан аса өтініш тіркелді. Азаматтардың фронт кеңселерге жүгінуіне басты себеп – жер қатынастары және ТКШ мәселелері.
Нәтиже орталықтары мына мекенжайларда орналасқан:
Түркістан қ., Ғ.Мүсірепов к-cі, 17-ғим., 1-қабат
Отырар ауданы, Шәуілдір ауылы, Жібек жолы к-cі 26
Нәтиже фронт кеңсесі – кез келген кабинетке ашық есік!
Айта кетейік, Түркістан қаласында «Нәтиже» пилоттық жобасы биыл мамыр айынан іске қосылды.
Қызмет көрсетуші мекемелердің жауапты қызметкерлері нақтыланып, тізімі мен кестесі бекітілді. Жеке және заңды тұлғалардың өкілдерінің өтініштерін қабылдау (бұдан әрі – қабылдау) Түркістан қаласы әкімі аппаратының өтініштерді қарауды бақылау және мемлекеттік қызмет көрсету мониторингі бөлімінің (бұдан әрі – Бөлім) лауазымды тұлғаларымен және қала әкімдігінің дербес бөлімдерінің мемлекеттік қызметкерлерінен құралған Халықтық кеңсе арқылы жүзеге асырылады.
Бұдан басқа, мемлекеттік қызмет көрсететін қалалық әкімдіктің 7 дербес бөлімінің қызметкерлері мемлекеттік қызмет көрсету саласында кеңес беруді жүзеге асырады Сондай-ақ қала әкімдігі жанындағы халықтық кеңседе жауапты мемлекеттік қызметші мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді көрсету, кеңес беру, канцелярия қызметкері «Е-өтініш» ақпараттық жүйесінде азаматтардың өтініштерін тіркеп, қала әкімінің және орынбасарларының жеке қабылдауына тіркеу жүргізіледі.
Жеке және заңды тұлғалардың өкілдерін қабылдау тәртібі. Қағаз форматтағы, оның ішінде қолма-қол келіп түсетін өтініштер және Фронт-офиске келіп түскен өтінімдер негізінде жеке және заңды тұлғалардың өкілдерінің өтініштерін қабылдау және мемлекеттік қызметтерді көрсету саласы бойынша консультативтік көмек беру күн сайын, жұмыс күндері сағат 9.00-ден 19.00-ге дейін, түскі үзіліс сағат 13.00-ден 15.00-ге дейін.
Сонымен қатар, Пиоттық жобаны іске асыру мақсатында, әкімдіктің және Халықтық кеңсенің айдарына:
- Мемлекеттік корпорациялар мен әкімдіктердің жұмысы бойынша пилоттық жоба іске қосылды,
- Халыққа қызмет көрсету орталығы және азаматтардың өтініштерін қарау бөлімінің бірлескен жұмыстарына арналған пилоттық жоба іске қосылды,
- «Нәтиже» орталықтарындағы әкімдік пен ХҚКО қызметтері ұсынылған.