«Ұйықтап жатқан жүректі ән оятар». Абай Құнанбайұлының 175 жылдығы тойланды

18 Қараша, 2019 455 0

«Ұйықтап жатқан жүректі ән оятар». Дәл осындай атаумен Абай Құнанбайұлының 175 жылдығы тойланды. 

Шара Т.Қ.Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясының «Жеке ән салу» кафедрасы, ҚР Мәдениет қайраткері, ҚР білім беру ісінің үздігі, доцент – Галина Қарамолдаева шеберлік сыныбы студенттерінің қатысуымен өтті. Абай шығармашылығына арналған танымдық кеш ҚР Тұңғыш Президенті-Елбасының «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласы аясында және ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың 2019 жылғы №134 Жарлығына сай, Абай Құнанбайұлының туғанына 175 жыл толуын мемлекеттік көлемде атап өтуге байланысты ұйымдастырылған. Концерттік кешке Т.Қ.Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясының ректоры Ақан Абдуалиев қатысып, студенттердің  өнеріне баға берді. Ректор өз сөзінде Ұлы ақын Абай Құнанбайұлының музыкалық шығармашылығын жастар арасында насихаттаудың маңыздылығына тоқталды. Білім сабақтастығын дамытып, жазбаша тіл мәдениетінің құндылықтарын насихаттаған рухани кешке академия студенттері, оқытушы-профессорлық құрам мен алматылық қонақтар қатысты. Студенттер Ұлы ақынның музыкалық шығармаларын нақышына келтіре орындап, көрерменнің ыстық ықыласына бөленді.   Естеріңізге сала кетейік, Абай Құнанбайұлының 175 жылдығы алдағы уақытта да Академия аясында кең көлемде тойлана бермек.


Тегтер: «Ұйықтапжатқанжүректіәноятар», Абайқұнанбайұлы

Достар! Біздің телеграмма арнамызға жазылыңыздар және соңғы жаңалықтарды бірінші болып біліп отырыңыз. Жаңалықтар Сізге дереу жетеді!

Пікір қалдыру

Пікір жазу үшін сайтқа кіріп, телефон нөмірін растаңыз.