Түркістан: Облыс әкімінің қабылдауында болған екі отбасы баспаналы болды
Түркістан: Облыс әкімінің қабылдауында болған екі отбасы баспаналы болды
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі дереккөздеріне сүйене отырып, Түркістан облысы әкімі Өмірзақ Шөкеевтің облыс орталығында өткен азаматтарды жеке қабылдауы бойынша берілген тапсырмалары жүзеге асуда, деп newsroom.kz хабарлайды.
Халықты күнделікті тіршілігінде шешімін таппай жүрген мәселелер аз емес. Түркістан тұрғындарын мазалайтын негізгі мәселелер – әлеуметтік көмек алу, жұмысқа орналасу, баспаналы болу. Түркістан облысы әкімі Өмірзақ Шөкеевтің облыс орталығында өткен азаматтарды жеке қабылдауы бойынша берілген тапсырмалары жүзеге асуда.
31-наурыз күні өткен облыс әкімінің жеке қабылдауда болған екі түркістандық отбасы араға 4 ай салып баспаналы болды. Оның бірі – талай жылдан бері тұрғын үй тауқыметін тартқан кейуана. Үйге ие болған екінші тұрғын да өңір басшысына өз өтінішін айтқан болатын. Облыс әкімі тұрғындардың өтініші назарға алынғанын айтып, жауаптыларға демеушілер арқылы көмектесуді тапсырды. Нәтижесінде Түркістан қаласында құрылыс жүргізуші мердігер компания басшыларының көмегімен әлеуметтік қолдауға мұқтаж жандардың көптен күткен армандары орындалып, қоныс тойын тойлады. Әр отбасының үйі – үш бөлмелі. Баспаналар қажетті жиһаз бен тұрмыстық техникалармен жабдықталған.
Облыс басшысының қабылдауында болған тұрғындар әкімге өздерін толғандырып жүрген сұрақтарын қойып, олардың заң аясында шешу жолдарын бірге табуға мүмкіндік алды. Түркістандық тұрғынның мүмкіңдігі шектеулі балаларға арналған «Коррекциалық орталығын» ашу туралы ұсынысы бойынша мүмкіндігі шектеулі және зейнет жасындағы азаматтарға әлеуметтік сүйемелдеу қызметтерді көрсететін орталығы құрылды. Онда әлеуметтік-тұрмыстық ортаға бейімделуіне бағытталған мүгедектігі бар адамдардың лайықты еңбекке, жұмыспен қамтуға және экономикалық тәуелсіздік құқығын асыруға кешенді қызмет көрсетіледі. Қазіргі таңда мекеме ғимаратын қажетті құрал-жабдықтармен қамту жұмыстары жүргізілуде. Санаулы күнде мекеме өзіне тиісті барлық салалар бойынша толық жұмыс істейтін болады. Орталықта еңбек терапиясы, әнмен емдеу, психотренингтер, әлеуметті мәселелер бойынша заңды кеңес және сүйемелдеу, демалыс ұйымдастыру шаралары бойынша тарихи-мәдени орындарға экскурсия мен театр, концертке бару және мерекелік мәдени іс- шаралар ұйымдастырылады.
Сондай-ақ түркістандық бір топ тұрғынның өтініші бойынша қоғамдық көлік мәселесі шешілді. Жеке сектордағы ескірген жүйелер жаңартылып, жарықтандырылды. Облыс әкімі Өмірзақ Шөкеевтің тапсырмасымен бірнеше азаматқа демеушілер есебінен қаржылай көмек көрсетілді. Жұмысқа орналасты. Тағы біріне тұрғын үйлерін құжаттандыруға көмек берілді.
«Халық үнімен құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасы: халық пен билік тандемі. Осы бағытта Түркістан облысы әкімі Өмірзақ Шөкеев азаматтардың барлық өтініштер мен ұсыныстарын мұқият тыңдап шығып, заңнама аясында түсінік беріп, жекелеген сауалдар бойынша тиісті мекеме басшылары мен Түркістан қаласының әкіміне нақты тапсырмалар берді. Бүгінде өңірде Мемлекет басшысының «Халық үнімен құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасын іске асыруда бірқатар жұмыстар жүзеге асырылуда. Халықпен тығыз қарым-қатынас орнатудың түрлі еттіктері іске қосылуда.
Түркістан облысында халықпен қарым-қатынасты жақсартатын, көпшілікті толғандырып жүрген мәселелерді пікір талқысына салатын маңызды диалог алаңдарының бірі – «Парасат» пікірталас клубы. Халықпен тығыз жұмыс істеу мақсатында қолға алынған, сансыз сауалға жауап алатын алаң облыс әкімі Өмірзақ Шөкеевтің қолдауымен барлық аудан, қалаларда ашылды. Бірегей жоба Түркістан облысы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет департаменті және әкімдіктердің бастамасымен Мемлекет басшысының «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасы мен «Адалдық алаңы» ұлттық жобасы аясында жүзеге асты. Тұрғындар өзекті мәселелерді «Парасат» мінберінде көтеріп, басшылармен тікелей пікірлесе алады. Жаңа жобаның жүзеге асуы билік пен халықтың арасындағы арақашықтықты азайтып, азаматтардың билік институтына деген сенімін арттыруын қамтамасыз етеді. Жергілікті жердегі өзекті мәселені ортаға салушы тұрғындар баға тұрақсыздығы мен қымбатшылықты ауыздықтауды, сапалы ауыз су, табиғи газ мен электр жарығымен қамту, жер мәселесі, әлеуметтік аз қамтылған отбасыларды қолдау шаралары туралы, әлімжеттік, жемқорлыққа қарсы күрес бағытындағы өзекті мәселелерді тұрақты талқылап, ел ұсынысына сай билік тарапынан жұмыс атқарылып келеді.
Айта кетейік, 12-тамызда Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Шөкеев Жетісай ауданы тұрғындарымен кездесіп, ұсыныстары мен өтініштерін тыңдап, өзекті мәселелер бойынша сұрақтарына жауап берген болатын.
Өңір басшысы алдыңғы кездесу нәтижесінде атқарылған жұмыстарға тоқталып, ел көтерген мәселелер шешімін тауып жатқанын жеткізді.
– Биыл сәуірде өздеріңізбен кездесіп, тұрғындарды толғандырып жүрген әлеуметтік және басқа да өзекті мәселелерді талқыладық. Жалпы халықпен кездесу мен жеке қабылдау барысында 30-дан аса мәселе көтерілді. Оның басым бөлігі өз шешімін тапты. Жетісай қаласындағы 5 қабатты 6 тұрғын үйдің ауласын абаттандыру үшін қаржы бөлінді. Биыл құрылыс жұмыстары басталады. Ж.Ералиев ауылдық округінің елді мекендерінің ауыз су жүйелері мен су өлшеу шкафтарын, Ғ.Мұратбаев елді мекенінің ауыз су жүйелерін ағымдағы жөндеу жұмыстарына тиісті қаржы қарастырылып, жұмыс басталып кетті. Жылы су ауылдық округіне қарасты облыстық маңызы бар КХ – 9 автомобиль жолының бойынан ұзындығы 1,6 шақырымды құрайтын аяқ жол салу жұмыстары жүріп жатыр. Қыркүйекте жол тапсырылады. Республикалық бюджеттен Қарақай ауылдық округінде «Жетісай» газ тарату стансасын (АГТС) салу үшін тиісті қаржы бөлінді, – деді Өмірзақ Шөкеев.Қазір Жетісай ауданында жалпы құны 3,7 млрд. теңге құрайтын 4 мектептің құрылысы жүргізілуде. Жыл қорытындысымен 1 нысан пайдалануға тапсырылады, 3 нысан 2023 жылға өтпелі. Тұрғындарды үймен қамтамасыз ету мақсатында Жетісай қаласында 5 тұрғын үйдің құрылысы қолға алынған. Биыл пайдалануға беріледі. Бұдан бөлек, Жетісай қаласы аумағында 80 га жер теліміне инженерлік инфрақұрылым яғни, газ және кәріз жүйесін тарту жұмыстары жүріп жатыр. Ауданның инженерлік инфрақұрылым жүйесін дамыту мақсатында 3 елді мекенді ауыз сумен қамту жұмыстары басталған. Нәтижесінде Мақталы ауылдық округі, Мақталы елді мекені ауыз сумен қамтамасыз етіледі. «Ауыл – Ел бесігі» жобасы бойынша 35 жоба іске асып жатыр. Бұл – ауданның инфрақұрылымын дамыту әрі жақсарту бағытындағы жұмыстың күшейгенінің белгісі. Кездесу барысында өңір басшысына әлеуметтік нысандар салу, АӘК алу, әлеуметтік жағдайды жақсарту бағытында сұрақтар қойылып, өтініштер айтылды. Одан кейін өңір басшысының жеке қабылдауында да тұрғындар өз ұсыныстарын айтып, мәселелер көтерді. Әрбір ұсыныс назарға алынып, заң аясында жұмыс жүргізіледі. Осы жұмыс сапарында облыс әкімі Ж.Ералиев ауылдық округіндегі «Нұралы жол-Ж» шаруа қожалығының мақталық алқабының жұмысымен танысты. 500 гектарға жуық жері бар шаруа қожалығында биыл 180 гектар мақта, 277 гектар бақша дақылы, 30 гектар жоңышқа, 10 гектар дәндік жүгері егілген. 60-қа жуық адам жұмыспен қамтылған. Шаруа қожалығында шаруалармен кездескен Ө.Шөкеев егістікті әртараптандыру, ағын суды үнемдеу, тамшылатып суғару және жаңбырлатып суғару технологиясын кеңінен енгізу жөнінде пікір алмасты. Биыл аудан бойынша жалпы 79,3 мың гектар жерге ауыл шаруашылығы дақылдары егілген болса, оның ішінде мақта 49,5 мың гектар алқапты қамтып отыр. Өңірде отандық және Түркия, Өзбекстан мен Қытай елдерінен тасымалданған 1626,3 тонна шит дайындалған. Өнімділік деңгейін арттыру үшін зиянкестермен күрес шаралары мен жаппай суғару жұмыстарына арнайы бірнеше семинар-жиындар жүргізілген. Фото: Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі