«1 метр қашықтықта қансырап жатқанын көрдім»: Науқас жігіт Денис Теннің ауруханадағы соңғы сәттері жайлы айтты

24 Шілде, 2018 2247 0

Денис Тенге пышақ салған күні, яғни 19 шілдеде Назым Юнусов та 12 қалалық ауруханада болған. Бұл туралы sn.kz порталы хабарлап отыр. Спортшының ауруханадағы соңғы сәттері жайлы ол желідегі парақшасына жазды.

Назым сол күні аяқ астынан дәрігерлердің дүрлігіп кеткенін айтады.

«Жедел-жәрдем көлігімен түрлі науқастар кеп жатады. Бір кезде тағы бір кезекті науқасты алып келді. Жанында дәрігерлер көп. Аяғы қансырап жатыр екен. Қараудың өзі қорқынышты еді.

Жігіттің олимпиада жүлдегері екенін айтып жатқанда кілт бұрылдым. Себебі, менің де олимпиада жүлдегері атанған достарым бар еді. 1 метр қашықтықтан көрдім. Қансырап жатыр. Денис Тен екен. Жақын араласпағаныммен ол жайлы өте жақсы сөздер естігенмін.

Дәрігерлер бар жанын салды. Қолдарынан келгенін жасады меніңше. Өйткені олар өте көп еді», - деп сол күнгі оқиғаны еске алды жігіт.

Еске сала кетейік, 19 шілде күні мәнерлеп сырғанаушы Денис Тенді Алматыда көлік айнасын ұрлап жүргендер пышақтап кеткен. Алған жарақатынан көп қан жоғалтқан спортшы бірнеше сағаттан соң есін жимастан ауруханада көз жұмды.

 

Тегтер: Денис, Тен, соңғы, сәттер

Достар! Біздің телеграмма арнамызға жазылыңыздар және соңғы жаңалықтарды бірінші болып біліп отырыңыз. Жаңалықтар Сізге дереу жетеді!

Пікір қалдыру

Пікір жазу үшін сайтқа кіріп, телефон нөмірін растаңыз.