Маңғыстау: Ведомствоаралық жұмыс тобының отырысы өткізілді

18 Қараша, 2019 90 0

Ағымдағы жылдың 15 қарашасында «Нұр Отан» партиясы Маңғыстау облыстық филиалының алаңында Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Маңғыстау облысы бойынша департаменті жанындағы мемлекеттік қызметтер көрсету  мәселелері жөніндегі ведомствоаралық жұмыс тобының отырысы өткізілді.

Жиынға облыстық полиция департаментінің көші-қон полиция басқармасының, Ақтау қаласы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасының, облыстық білім, жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармаларының басшылығы, қала және аудан әкімі аппараттарының мемлекеттік қызмет көрсету сапасын ішкі бақылауға жауапты қызметкерлері және бөлім басшылары мен мамандары қатысты.

Алдымен шара «Нұр Отан» партиясы Маңғыстау облыстық филиалы төрағасының орынбасары Есбергенова Звира Тугеловнаның сөзімен бастау алып, әрі қарай күн тәртібіндегі мәселелерді қараумен жалғасты.

Атап айтқанда, Департаменттің Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер басқармасының бас маманы Т. Сариев 2019 жылдың 9 айы бойынша мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің жай-күйімен және атқарылған жұмыстардың қорытындыларымен таныстырды.

Өз кезегінде, Маңғыстау облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы басшысының орынбасары Қ.Нұрмамедова әлеуметтік мемлекеттік көрсетілетін қызметтер, оның ішінде мүмкіндігі шектеулі жандарға қатысты көрсетілетін қызметтер туралы баяндама жасады.

Сонымен қатар, облыс әкімі аппаратының мемлекеттік көрсетілетін қызметтер мониторингі бөлімінің басшысы А.Сәрсенбаева қала және аудан жергілікті атқарушы органдарының электронды түрде қызмет көрсету барысы туралы ақпарат берді.

Отырыс соңында Жұмыс тобымен мүдделі органдарға әлеуметтік, денсаулық сақтау және т.б. салалардағы қызмет көрсету сапасын арттыруға бағытталған ұсыныстар енгізу туралы шешім қабылданды.

Тегтер: Маңғыстау, жаңалықтар

Достар! Біздің телеграмма арнамызға жазылыңыздар және соңғы жаңалықтарды бірінші болып біліп отырыңыз. Жаңалықтар Сізге дереу жетеді!

Пікір қалдыру

Пікір жазу үшін сайтқа кіріп, телефон нөмірін растаңыз.