Жаңалықтар

Түркістан: Шардаралық шаруалар ағын судан тапшылық көрмейді

Түркістан: Шардаралық шаруалар ағын судан тапшылық көрмейді

Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі дереккөздеріне сүйене отырып, Шардара ауданында биыл 57 800 га суармалы егістік алқапқа агроқұрылымдар тарапынан әртүрлі ауыл шаруашылығы дақылдары егілген, деп newsroom.kz хабарлайды. Осы егістік алқапқа сор шаю, ылғалдандыру және егілген дақылдарға жазғы вегетациялық суару жұмыстарына қажетті су лимитін бөлу үшін ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі Су ресурстары комитетінің Су ресурстарын пайдалануды реттеу және қорғау жөніндегі «Арал-Сырдария бассейіндік инспекциясы» РМК мекемесіне сұраныс хат жолданды. Тиісінше аталған мекеме тарапынан жылма-жыл ауа райының құрғақ болуынан э ағын су тапшылығының орын алу мүмкіндігін ескеріп, сұратылған су мөлшерінің 30 пайыз көлемі қысқартыла отырып, ауданға 749,090 млн. м3 ағын су лимиті бекітілді. Ауданда көктемгі дала жұмыстарын ұйымшылдықпен өткізуді ұйымдастыру үшін аудан әкімінің өкімімен аудандық штаб құрылған. Штаб мүшелерінен құрылған топ бекітілген кестеге сәйкес аудандағы барлық ауыл округтерінде орналасқан шаруа қожалық төрағаларымен басқосу жиындары өткізілді. Жиында егістік алқаптарға суды аз талап ететін ауыл шаруашылығы дақылдарын егуді, егістік алқаптардың бойында орналасқан ағын су нысандарын (каналдар, сбростар, ағын су реттеуші қондырғылар, т.б.) талапқа сай ретке келтіруді, су алу кезінде қатаң түрде кезекпен су алу қажеттігін шаруаларға жеткізе отырып, жұмыстар ұйымдастыруды қолға алу ұсынылды. Ағын суды үнемдеп, тиімді пайдалану туралы түсіндірме жұмыстары жүргізілуде. Осы орайда, ағын суды үнемдеуде және қысқа мерзімде алқаптарды суаруда ауданда ИДЖЖЖ-2 жобасы аясында атқарылған жұмыстар өзінің оң нәтижесін берді. Аудандағы шаруалар егістік алқаптарға көктемгі сор шаю, ылғалдандыру жұмыстарына 124,29 млн.м3 ағын су пайдаланған болса, жазғы вегетациялық суару маусымы барысында жобамен алдын ала есептеу (суару жұмыстары жалғасып жатқандықтан) есептеу нәтижесі бойынша 227,92 млн.м3 құрап, жалпы суару маусымдарынада 352,21 млн.м3 ағын су егістік алқаптарға жеткізіледі деп жоспарланып отыр. Жалпы жүйелі ұйымдастыру жұмыстарының нәтижесінде ауданда көктемгі және жазғы вегетациялық суару жұмыстары барысында шаруалар тарапынан су жетіспеушілігі мәселелері орын алған жоқ. Қазіргі таңда «Казсушар» РМК мекемесі тарапынан шаруалардың сұраныстарына сәйкес, егістік алқаптарға қажетті су көлемі толықтай жеткізіліп берілуде. Айта кетсек, жылда жауын шашынның аз мөлшерде түсіп, құрғақшылық салдарынан ағын су көлемі азаюы шаруаларға біршама қолбайлау болғаны мәлім. Ағымдағы жылы да ағын су тапшылығы орын алуы күтілген болатын. Алайда биыл көктемгі жауын шашын мөлшері мен көршілес мемлекеттердің тұрақты су беруі және шаруалардың суды тиімді пайдалануы едәуір оң әсер етіп, диқандар уақытылы ағын су алып отыр. Қазіргі таңда аудандағы диқандарға қажетті ағын су мөлшері толығымен жеткілікті. Сонымен қатар, Көксарай контрреттегішіне су алуға қатысты: Көксарай контрреттегіші Шардара су қоймасы арқылы су тасқынын апатсыз өткізумен ұштастыра отырып, тасқын суларды шоғырландыру және жағалау аумақтары мен елді мекендерде су басудан болатын залалды азайту үшін салынған. 3 км3 контрреттегіштің сыйымдылығы жоғары су тасқынының 0,1% және 1% қамтамасыз етілуінің бір бөлігін қабылдайды. Су тасқынына қарсы Көксарай контрреттегішінің жұмыс режимі «Казгипроводхоз Институты» ӨК әзірлеген құрылыстарды пайдалану қағидаларына (бұдан әрі-қағидалар) сәйкес жасалады. Контрреттегішті сумен толтыру қаңтар-наурызда жүзеге асырылады. Суы өте көп жылдары (1% - дан және одан аз қамтамасыз етілуімен) сыйымдылықты толтыру 380 м3/с жеткізу арнасында ең жоғары шығыстармен 3 км3 көлеміне дейін жүргізіледі. Сулылығы аз жылдары сыйымдылықты толтыру 130 м3/с жеткізу арнасында ең жоғары шығыстармен 1 км3 дейін жүргізіледі, бұл ретте ағызу арнасында су шығыстарымен мамыр айында 342 м3/сек жүзеге асыру қажет, бұл су бетінен ысырапты азайту және су басқан алқаптарды терең су жайылмалары ретінде пайдалану үшін қажет. Осылайша, Көксарай контрреттегіші суды ұзақ орналастыруға арналған су қоймасы болып табылмайды және Сырдария өзені бассейніндегі болжамды және нақты сулылыққа байланысты өзіне қандай да бір функцияларды ала отырып, маусымдық реттеуді жүзеге асырады. Осыған байланысты жазғы кезеңде Көксарай контрреттегішіне су алуды жүзеге асыру оны пайдалану қағидаларына сәйкес келмейді. Ағымдағы жылы Көксарай су реттегішіне су жинау 16 наурызда басталды, 11 сәуірге дейін 822 млн.м3 су жиналды, бұл өткен жылмен салыстырғанда 1086 млн. м3 аз (2021 ж. – 1907,35 млн. м3). Көксарайдан су жіберу ағымдағы жылғы 11 сәуір мен 29 мамыр аралығында жүзеге асырылды, бүгінгі күні контрреттегішке су көлемі – 24,4 млн.м3 құрайды. Шардара су қоймасына вегетацияаралық кезеңде (қазан-наурыз) ағымның төмен болуына байланысты ағымдағы жылы Көксарай су реттегішін толтыру күтілмегенін атап өткен жөн. Өткен вегетация аралық кезеңде Шардара су қоймасына ағын 8 млрд.272 млн. м3 құрады, бұл болжамды кестеден 2 млрд. 69 млн. м3 аз (10 млрд. 341 млн. м3). Осыған байланысты, ақпан айында вегетациялық кезеңге дайындық жұмыстары шеңберінде Министрлік Түркістан және Қызылорда облыстарында ЖАО, су шаруашылығы ұйымдары мен АШТӨ өкілдерінің қатысуымен көшпелі кеңестер өткізді, онда қалыптасқан су шаруашылығы жағдайы бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізілді және тараптардың іс-әрекеттері айқындалды. Сонымен қатар, бұл мәселе Үкімет отырыстарында талқыланып, Министрлік Түркістан облысының әкімдігіне Көксарай контрреттегішінің айналасындағы дақылдарды алып тастауды ұсынды. Бұдан басқа, жеткізу және бұру арнасында, сондай-ақ контрреттегіш тостағанның өзінде пайдалану қағидаларына сәйкес ауыл шаруашылығы дақылдарын тұрақты суаруға су алуға жол берілмейді. Сонымен қатар, а.ж. 12-29 наурыз аралығында Сырдария өзені бассейнінде қатты жауын-шашын болған, соның нәтижесінде осы кезеңде Шардара су қоймасына шамамен 1,5 млрд. м3 су келіп түскен, бұл оны 5 млрд. м3 дейін толтыруға, Қызылқұм каналына су алуды 160 м3/сек дейін ұлғайтуға мүмкіндік берді (осы уақыт аралығында сұратуға сәйкес 9 күн), Көксарай су реттегішіне су жинауды бастау және төменгі ағысқа су жіберуді ұлғайту, бұл жаппай вегетация басталар алдында өзен арнасын толтыруға және Арал-Сырдария бассейнінің экожүйесін жақсартуға мүмкіндік берді. 27 сәуірде Түркістан қаласында Мемлекетаралық үйлестіру су шаруашылығы комиссиясының отырысы шеңберінде Нарын-Сырдария су қоймалары каскадының болжамды жұмыс режимі келісілді, оған сәйкес Шардара су қоймасына вегетациялық кезеңдегі ағын 3 млрд.900 млн. м3 құрауы тиіс, ол вегетациялық кезеңнен елеулі шығынсыз өтуге мүмкіндік береді. Мәселен, болжамды кестеге сәйкес Шардара су қоймасына сәуір-шілде айларында су ағыны 3100 млн.м3 құрайды, бұл ретте 13 шілдедегі жағдай бойынша су ағыны 3345 млн. м3 құрады. МҮСК болжамын ескере отырып, Министрлік Шардара су қоймасының ағымдағы жылдың вегетациялық кезеңіне арналған болжамды жұмыс кестесін есептеді. Есептеулерге сәйкес, шілде – қыркүйек кезеңінде су қоймасына құйылу МҮСК болжамынан төмен болған кезде, вегетациялық кезеңнің соңына қарай Шардара су қоймасының көлемі 1,009 млрд. м3 құрайды, бұл ретте есептеулерде Қызылқұм каналына 309 млн. м3 көлемінде су алу және Жетісай ауданына машина каналы бойынша 41 млн. м3 көлемінде су беру ескерілді. Осылайша, есептеулер бойынша, ағымдағы жылы су қоймасы 0,98 млрд.м3 өлі көлемге дейін іске қосылмайды. Фото: Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі