Қарағандыдағы оқиға: Жанбай қалған мүрдені ауыл тұрғындары байқаған

15 Қараша, 2019 284 0

Қарағанды облысындағы қанды оқиғаның анық-қанығы тексеріліп жатыр. Дубовка ауылында 21 жастағы жігіт анасын ұрып өлтіріп, денесін өртеп жіберген.

«Астана» телеарнасының жазуынша, әйелдің денесі толықтай жанбай қалған. Жартылай жанған мәйітті ауылдың сыртынан тұрғындар тауып алған.

42 жастағы әйелдің жартылай жанған мүрдесі Дубовка ауылынан екі шақырым қашықта айдаладан табылды. Мүрдені байқаған ауыл тұрғындары бірден полиция шақырған.

Күдікті ретінде марқұм әйелдің ұлы ұсталды. Ол анасын алдымен ұрып, содан соң өртеп, танысымен бірге ауыл шетіне апарып тастағанын полицияға айтқан. Көршілері мен жергілікті әкімдік қызметкерлерінің айтуынша, оның мұндай қатыгездікке баруына анасының маскүнемдікке салынғаны себеп болуы да мүмкін.

Тергеу жалғасып жатыр.      


Тегтер: Қарағанды, мүрде, жаңалықтар, Дубовка

Достар! Біздің телеграмма арнамызға жазылыңыздар және соңғы жаңалықтарды бірінші болып біліп отырыңыз. Жаңалықтар Сізге дереу жетеді!

Пікір қалдыру

Пікір жазу үшін сайтқа кіріп, телефон нөмірін растаңыз.