«AMANAT»: Депутат қиын жағдайдағы азаматқа қол ұшын созды
«AMANAT»: Депутат қиын жағдайдағы азаматқа қол ұшын созды
Келес ауданы, Алмапыс батыр ауылдық округінің тұрғыны М.Бакбуршинов І топтағы мүмкіндігі шектеулі әрі жалғызбасты азамат, деп newsroom.kz жазады.
Қараусыз қалған жанның жағдайына алаңдаған ауыл белсенділері «AMANAT» партиясы Келес аудандық филиалының қоғамдық қабылдау бөлмесіне келіп, М.Бакбуршиновтың халі жайлы баяндады. Көмек көрсетуге өтініш білдірген тұрғындарды аудандық мәслихат депутаты Камила Тұржанова тыңдап, мәселені зерделеді. Қоғамдық қабылдаудан соң қиын жағдайдағы азаматтың үйіне арнайы барып, қариямен кездесті.
Тозығы жеткен едендер, қираған есіктер, жалпы жарамсыз күйдегі баспанада күн кешіп жүрген жалғызбасты азаматтың жағдайы депутатты бей-жай қалдырмады. Ол тұрғын үйге жөндеу жұмыстарын жүргізуге уәде беріп, мәселені бірден қолға алды.
Нәтижесінде К.Қуандыққызының демеушілігімен тұрғын үйге толықтай жөндеу жұмыстары жүргізілді. Есік-терезелері және едендері жаңартылып, қабырғалары әрленді. Сондай-ақ мүмкіндігі шектеулі азаматтың жүріп-тұруын оңтайландыру мақсатында үй ішіне әжетхана да орнатылды. Осылайша М.Бакбуршиновтің мәселесі «AMANAT» партиясының ''Халыққа көмек'' партиялық жобасы аясында оң шешімін тапты. Халық қалаулысы мұнан кейін де азаматқа әлеуметтік көмек түрлері көрсетілетінін жеткізді.
Фото: «AMANAT» партиясы Түркістан облыстық филиалының баспасөз қызметі