​Сиыр үшін кек алған үндістандықтар мұсылманды сабап өлтірген

23 Шілде, 2018 1513 0

Үндістанның Раджастхан штатында екі үнділік азамат сиыр ұрлады деп күдікке ілінген мұсылманды соққыға жыққан. Фермер ауруханаға бара жатқан жолда көз жұмған.


Екі мұсылман азамат сиырды өз ауылдарына әкеле жатқан. Сол кезде оларға бес адам шабуыл жасаған. Екі фермердің біреуі қашып үлгерген. Ол көз жұмған Акбар құтыла алмай қалған.
 
Қазір полиция тергеу жүргізіп, күдіктілерді іздеп жатыр.
 
Үндістанда сиырларға зақым келтіргені үшін кек қайтару әдетке айналып кеткен. Себебі жергілікті халық сиырды қасиетті жануар санайды. 2017 жылы сиырды өлтіргендер үшін жаза тіпті қатаңдатылған.
 
Дереккөз: Сегодня

Тегтер: сиыр, дін, талас, оқиға

Достар! Біздің телеграмма арнамызға жазылыңыздар және соңғы жаңалықтарды бірінші болып біліп отырыңыз. Жаңалықтар Сізге дереу жетеді!

Пікір қалдыру

Пікір жазу үшін сайтқа кіріп, телефон нөмірін растаңыз.