Нұр-Сұлтанда Фариза Оңғарсынованың атына көше берілді

15 Қараша, 2019 235 0

Елордада Қазақстанның халық жазушысы, көрнекті ақын және қоғам қайраткері, Мемлекеттік сыйлықтың иегері Фариза Оңғарсыноваға Есілдің сол жағалауынан көше атауы берілді, деп хабарлайды Елорда Инфо.

Көшенің салтанатты ашылу лентасын қала әкімінің орынбасары мен Фариза Оңғарсынованың ұлы Алмас Оңғарсынов кесті.

«Бүгін, міне, қазақтың дана қызы, дара қызы Фариза апамыздың атына көше атауы беріліп отыр. Біз өткенді ұмытпауымыз керек. Көше атауын беру – өскелең ұрпаққа өнеге болудың белгісі. Фариза апамыздың қай өлеңін оқысаңыз да өткір, ол – мәселені тігінен айтатын кісі. Апамыздың шығармасы ерекше есте қалатын. Сондай-ақ, мемлекеттік қызметте еңбек етіп, Парламентте өз орны болды. Сондықтан елордада апамызға көше атауын беру жас ұрпаққа тәрбие берудің үлгісі деп білемін. Фариза апамыздың аты мәңгі өшпесін, бүгін көше атауынан бөлек, біраз шараларды өткізу жоспарлануда», - деді қала әкімінің орынбасары Бақтияр Мәкен.

Сондай-ақ, қала әкімінің орынбасары салтанатты шарадан соң ақынның зиратына барып құран бағышталатынын айтты.

Айтулы шараға жазушылар, қоғам қайраткерлі мен ақынның жақын туыстары қатысты.

Тегтер: ФаризаОңғарсынова, көше, атау, ақын

Достар! Біздің телеграмма арнамызға жазылыңыздар және соңғы жаңалықтарды бірінші болып біліп отырыңыз. Жаңалықтар Сізге дереу жетеді!

Пікір қалдыру

Пікір жазу үшін сайтқа кіріп, телефон нөмірін растаңыз.