Маңғыстауда қайырымдылық акциясы өтті

15 Қараша, 2019 217 0

«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы Маңғыстау облысы бойынша филиалының қызметкерлері «Қан тапсырып, өмір сүруге үміт сыйла» атты қайырымдылық акциясын ұйымдастырды. Акцияның басты мақсаты-донорлық қанға мұқтаж жандарға көмектесу.

«Донорлық қан тапсыру – жақсылық жасаудың ең оңай жолы. Сізден көп уақыт пен күшті талап етпейтін, бірақ өмір сүруге мүмкіндік беретін – ең маңызды сыйлық. Біз қан тапсыру арқылы біреудің өмірін сақтап қалатынымызға және басқаларға үлгі боламыз деген сенімдеміз»,- деді Бағила Жарланова, облыс филиалының PR-менеджері.

Корпорация қызметкерлері жыл сайын осындай қайырылымдылық акцияларын өткізеді. Оған қоса, қызметкерлер арасында тұрақты донорлар бар. 

Айта кететін жағдай, қан донорларының әрбір тобы үшін дәрігердің ұсынысы бойынша алдын ала дайындық жүргізіледі, сондай-ақ бұрын ауырған аурулар бойынша зертханалық талдаулар мен дәрігердің кеңестері орындалауы міндетті. Медициналық тексеруден өткен әрбір донор 350-ден 450 мл-ге дейін қан тапсыра алады.

Тегтер: Маңғыстау, жаңалықтар

Достар! Біздің телеграмма арнамызға жазылыңыздар және соңғы жаңалықтарды бірінші болып біліп отырыңыз. Жаңалықтар Сізге дереу жетеді!

Пікір қалдыру

Пікір жазу үшін сайтқа кіріп, телефон нөмірін растаңыз.