"Астана" - "Манчестер Юнайтед" матчына билет құны 55 мың теңгеге жетеді

15 Қараша, 2019 226 0

"Астана" - "Манчестер Юнайтед" ойынының билеттері сатылымға шықты, деп хабарлайды Zakon.kz Астана телеарнасына сілтеме жасап.

Бағасы 4 мың мен 55 мың теңге аралығында.

Оны "Астана" футбол клубының ресми сайтынан сатып алуға болады.

Матч 28-ші қарашада кешкі сағат 21:50-де басталады.

Айта кетсек, Еуропа лигасы "L" тобында Манчестерлік клуб көш бастап тұр. Алғашқы ойында 1:0 есебімен солар жеңіске жеткен еді.

Елордалық клубтың топтан шығу мүмкіндігі болмаса да, көпшілік бұл ойынның тартысты әрі қызық өтетініне сенімді.

Тегтер: Астана, "МанчестерЮнайтед", футбол, билет

Достар! Біздің телеграмма арнамызға жазылыңыздар және соңғы жаңалықтарды бірінші болып біліп отырыңыз. Жаңалықтар Сізге дереу жетеді!

Пікір қалдыру

Пікір жазу үшін сайтқа кіріп, телефон нөмірін растаңыз.