Жаңалықтар

Екі айдан бері жұмыссыз отырған әншілер ескі киімдерін сатып жатыр

Екі айдан бері жұмыссыз отырған әншілер ескі киімдерін сатып жатыр

Әлемді жайлаған індеттің кесірі қазақстандық өнер иелеріне де оңайға соқпаған сыңайлы. Карантин салдарынан жұмыссыз отырған әншілердің бірі лоторея, бірі ұтыс ойнатып, халықтан сөз естіп жатса, енді бірлері сахналық киімдерін саудаға салып әлек. Екі айдан бері жұмыссыз отырған жұлдыздар, ескі киімдерін сатып, ақша табуда! Олардың қатарында Мақпал Исабекова мен Лидо да бар.  width=   Өнер иелерінің саудаға қойылған сахналық костюмдері арасында бағалы брендтер де жетерлік екен. Әнші әрі дизайнер Лидоның тың образдарын киіп көруді армандамайтын ару жоқ шығар, сірә. Досалина ескі көйлектерін инстаграм желісі арқылы сатып, бұл бизнесті алғаш қолға алғандардың бірі. Ал, саудаға қойылған үлгілердің біразы бикешке сыйлыққа берілген. "Мен ешқашан жалға алған емеспін. Бас қосуларда киіп жүрген көйлектер сыйлық ретінде маған тарту етілген немесе өзім сатып аламын. Кей кездері өзімнің талғамыма қарай арнайы тіктіремін", - дейді әнші Лидо. Мақпал Исабекова да өнердегі құрбысының ізімен жүруді жөн көрген. Бүгінде әнші ол үшін арнайы парақша ашып, ескі гардеробымен қоштасуды қолға алған. Кезінде Исабекова өзінің байқауға киген 800 долларлық көйлегін небәрі 40 мыңға бағалап, саудаға қойған болатын. Ал Жазира Байырбекова болса, қымбат дизайнерлік көйлектерімен оп-оңай қоштасқысы келмейді. «Көйлектерімді әрі кетсе 4 рет қана киемін» деген әнші оларды жалға беріп, ақшасын өтеп алуды құп көреді. "Мен өзім көйлектерді киіп болғаннан кейін, киіп болғанда 3-4 рет қана киемін ғой. Ары қарай менің салон, прокат платьев бар. Соған алып барамын, Мысалы қымбат көйлек алуға қаржысы жоқтар сол жерге, химиялық тазалауда өткізілген көйлектерді алып киюге мүмкіндіктері бар", - дейді Жазира Байырбекова. Алтынай Жорабаева да Жазира сынды әр көйлегі арқылы табыс табуға кетәрі емес. Тек киімдер бойжетіп қалған қыздарынан артылмайтын көрінеді. "Қазір 2 қызым да өсіп қалды. Менің сырт киімдерімді, спортивкамды сұрамай киіп кете береді. Тек қана аяқ-киімдерім келмейді. Ал сырт киімдерім кішкене кеңдеу болып тұрады. Бірақ «модно» дейді. «Әй, анау киімім қайда?» десең, «өткенде мен кигем, біздің шкафта тұр деп жатады", - дейді Алтынай Жорабаева. Алтынайдың жағдайы көпбалалы ана Динара Сұлтанға да таныс. Алайда оның гардеробына қыздары емес, жанкүйерлері мен таныстары көз сұғады екен. "Өте қатты сұрап «Берші, Құдайым-ау болды осыны кимесем бітті» деген сияқты болса, әрине беремін. Ондай адамдар көп сұрайтын. Ойлаймын ғой енді, бір жағынан қызығып сұрайтын шығар", - дейді көпбалалы әнші Динара Сұлтан. Сілтеме