Маңғыстауда қарапайым жаттықтырушы спорт зал салу үшін үйі мен көлігін сатып жіберді

15 Қараша, 2019 245 0

Жаңаөзендік қарапайым жаттықтырушы Нұржан Еділов өзінің ескі арманын орындау үшін және Жаңаөзенге жақын орналасқан Рахат ауылының тұрғындарына спорт кешенін тарту ету үшін үйі мен көлігін сатып жіберді.

Бұл туралы бокстан ҚР еңбек сіңірген жаттықтырушысы Батырбек Жайлыбаев хабарлады, деп хабарлайды инАктау.

Нұржан Еділов спорттағы, әсіресе бокстағы жолын 16 жыл бұрын бастаған. Сол кездің өзінде-ақ ол жастармен айналысатын көпсалалы спорт кешенін салуды армандады.

«Нұржан меценат та емес, кәсіпкер емес. Ол қарапайым жаттықтырушы. Ол көлігі мен үйін сатып, спорт кешенін салды. Оның өзі, әйелі және үш баласы ата-аналарына қоныс аударды», - деді Батырбек Жайлыбаев.

10 қарашада Рахат ауылында жаттықтырушының салған спорт залының салтанатты ашылуы өтті. Спорт кешенінің жалпы аумағы 2000 шаршы метрді құрайды. Мұнда жастар бокс, каратэ-до, дзюдо, еркін күрес, армрестлинг, пауэрлифтинг, үстел теннисі және жабық футболмен шұғылдана алады.

Нұржан Еділовтің бұл әрекеті спортшының назарынан тыс қалмады, оған бұл әрекеті үшін алғыс айтқысы келіп, Lexus LX570 сыйлады.

«Мен Нұржанды кішкентай кезінен білемін, біз онымен балаларды дайындадық, олардың көпшілігі жарыстың жүлдегерлері болды. Оның спорт кешенін салып жатқанын білген кезде, біз оған споршы жігіттерімен бірге автокөлік беруді ұйғардық, өйткені ол қайырысдылық жасады. Менің досым - ел патриоты, қарапайым және сабырлы адам, біздің сыйлықты көргенде, ол өте ризашылық білдірді, күтпегенін айтты », - деді Батырбек Жайлыбаев.


Тегтер: Маңғыстау, жаңалықтар

Достар! Біздің телеграмма арнамызға жазылыңыздар және соңғы жаңалықтарды бірінші болып біліп отырыңыз. Жаңалықтар Сізге дереу жетеді!

Пікір қалдыру

Пікір жазу үшін сайтқа кіріп, телефон нөмірін растаңыз.