Жаңалықтар

«Samruk-Kazyna Trust» ҰОС ардагерлеріне көмекке 115 млн теңге бөлді

«Samruk-Kazyna Trust» ҰОС ардагерлеріне көмекке 115 млн теңге бөлді

«Samruk-Kazyna Trust» әлеуметтік жобаларды дамыту қорының Қамқоршылық кеңесі Ұлы Отан соғысының ардагерлері мен тыл еңбеккерлерін қолдауға арналған «Жеңіс» жобасын қаржыландыруды мақұлдады, деп newsroom.kz хабарлайды.

Бастама «Самұрық-Қазына» АҚ барлық компаниялар тобының атынан іске асырылады және 2016 жылдан бастау алып отыр. Осы ынтымақтастық кезеңі барысында жобаны іске асыруға 800 млн теңгеден астам қаражат бөлінді.  

«Биыл «Samruk-Kazyna Trust» әлеуметтік жобаларды дамыту қоры «Жеңіс» жобасын қаржыландыруды жалғастыруда. Шілде айында Қордың Қамқоршылық кеңесі жобаның 1935 жылдың 31 желтоқсанына дейін туған ҰОС ардагерлері мен тыл еңбеккерлері Қазақстан Республикасы бойынша ғана емес, сонымен қатар ТМД елдері бойынша да пойызда тегін сапар жасай алатын бюджетін мақұлдады. Ол үшін кассаға Ұлы Отан соғысының ардагері немесе тыл еңбеккері құжатын ұсыну қажет», - деп атап өтті «Samruk-Kazyna Trust» қорының жетекшісі Альфия Адиева.

Осы орайда өткен жылдан бастап 200-ге жуық ардагер мен еңбеккер теміржол көлігінде тегін жол жүру мүмкіндігін пайдаланды.

2022 жылға арналған қайырымдылық жобасының бюджет мөлшері 115 млн теңгеден астам соманы құрады. Бұл қаржыға көмекке мұқтаж қарт адамдарға дәрі-дәрмек, азық-түлік, тұрмыстық заттар сатып алу көзделген. Еріктілердің негізгі қызметі - қамкөңіл қариялардың үй-аулаларын тазалап, жөндеу, көңілдерін аулау. Сондай-ақ ерекше қажеттіліктері бар ардагерлерге көңіл бөлініп, олар қажетті тұрмыстық техникамен, мүгедектер арбасымен және есту құралдарымен қамтамасыз етіледі.

«Біздің жобаға бүкіл ел бойынша волонтерлік топтардың жұмысына жетекшілік ететін 35 өңірлік үйлестіруші қатысады. Жоба арқылы 1400-ге жуық ҰОС ардагері мен тыл еңбеккерін қамтып, оларға кем дегенде 5,5 мың рет барамыз деп жоспарлап отырмыз. 500 еріктіні ортақ іске тартамыз», - деді өз сөзінде «Ұлттық волонтерлер желісі» ЗТБ атқарушы директоры Татьяна Миронюк.

Мысалы, 2020-2021 жылдары 650 еріктінің қатысуымен 13 019 волонтерлік рейд жүргізіліп, 3 355 қарт адам қамтылды. Жоба еріктілерінің қатарында Қордың портфельдік кәсіпорындарының қызметкерлері, еліміздің белсенді азаматтары және Ұлттық еріктілер желісінің мүшелері бар.

«Samruk-Kazyna Trust» әлеуметтік жобаларды дамыту қоры «Самұрық-Қазына» АҚ компаниялар тобының қайырымдылық саласының бірыңғай операторы қызметін орындайды. Әлеуметтік және медициналық секторларда халыққа көмек көрсету, мәдени қоғамдастықты және адами әлеуетті дамыту, еңбек қатынастарын нығайту және қоғамның тұрақты дамуына инвестициялар, топ компаниялары қатысатын өңірлерде әлеуметтік инвестициялар бағдарламаларын іске асыру Қордың басым бағыттары саналады. 

«Samruk-Kazyna Trust» қорының мұраты: «Самұрық-Қазына»АҚ тобы орналасқан өңірлерге баса назар аудара отырып, барша халықтың әлеуметтік-экономикалық тыныс-тіршілігін жақсартуға жәрдемдесу.

[gallery ids="eyJ1cmwiOiJodHRwczpcL1wvbmV3c3Jvb20ua3pcL3dwLWNvbnRlbnRcL3VwbG9hZHNcLzIwMjJcLzA4XC85ZWEyMDMzOS02NjhhLTQ1MGUtYjFlZi1hMDlmMmI3YTZiY2UuanBlZyIsInRpdGxlIjoiOUVBMjAzMzktNjY4QS00NTBFLUIxRUYtQTA5RjJCN0E2QkNFIiwiY2FwdGlvbiI6IiIsImFsdCI6IiIsImRlc2NyaXB0aW9uIjoiIn0=,eyJ1cmwiOiJodHRwczpcL1wvbmV3c3Jvb20ua3pcL3dwLWNvbnRlbnRcL3VwbG9hZHNcLzIwMjJcLzA4XC8zMjk4YmZlZC03YTg4LTQzZGUtYjBkMC1hNjU2YjI5ZWRjMGYuanBlZyIsInRpdGxlIjoiMzI5OEJGRUQtN0E4OC00M0RFLUIwRDAtQTY1NkIyOUVEQzBGIiwiY2FwdGlvbiI6IiIsImFsdCI6IiIsImRlc2NyaXB0aW9uIjoiIn0=,eyJ1cmwiOiJodHRwczpcL1wvbmV3c3Jvb20ua3pcL3dwLWNvbnRlbnRcL3VwbG9hZHNcLzIwMjJcLzA4XC82YmUxMmUxMy1hNTYxLTQwZGQtYjY3Mi0xYTZiNjExOTFiZTguanBlZyIsInRpdGxlIjoiNkJFMTJFMTMtQTU2MS00MERELUI2NzItMUE2QjYxMTkxQkU4IiwiY2FwdGlvbiI6IiIsImFsdCI6IiIsImRlc2NyaXB0aW9uIjoiIn0=,eyJ1cmwiOiJodHRwczpcL1wvbmV3c3Jvb20ua3pcL3dwLWNvbnRlbnRcL3VwbG9hZHNcLzIwMjJcLzA4XC9mMzAwYjI0Ni0wYzE2LTQxMWQtODM4Ny04YzIyMTkyYTRmNzUuanBlZyIsInRpdGxlIjoiRjMwMEIyNDYtMEMxNi00MTFELTgzODctOEMyMjE5MkE0Rjc1IiwiY2FwdGlvbiI6IiIsImFsdCI6IiIsImRlc2NyaXB0aW9uIjoiIn0=,eyJ1cmwiOiJodHRwczpcL1wvbmV3c3Jvb20ua3pcL3dwLWNvbnRlbnRcL3VwbG9hZHNcLzIwMjJcLzA4XC9lNjgyMjk2YS04OGQ4LTQ4ZTItYTUwNy00ZDIxYjg5MWUzNTYuanBlZyIsInRpdGxlIjoiRTY4MjI5NkEtODhEOC00OEUyLUE1MDctNEQyMUI4OTFFMzU2IiwiY2FwdGlvbiI6IiIsImFsdCI6IiIsImRlc2NyaXB0aW9uIjoiIn0=,eyJ1cmwiOiJodHRwczpcL1wvbmV3c3Jvb20ua3pcL3dwLWNvbnRlbnRcL3VwbG9hZHNcLzIwMjJcLzA4XC81NTM1NzdmMC1hNTY4LTQ4OTctYTAxYS1iOGFlNzgyYWQyMmEuanBlZyIsInRpdGxlIjoiNTUzNTc3RjAtQTU2OC00ODk3LUEwMUEtQjhBRTc4MkFEMjJBIiwiY2FwdGlvbiI6IiIsImFsdCI6IiIsImRlc2NyaXB0aW9uIjoiIn0=,eyJ1cmwiOiJodHRwczpcL1wvbmV3c3Jvb20ua3pcL3dwLWNvbnRlbnRcL3VwbG9hZHNcLzIwMjJcLzA4XC9jY2UyODZhZi0zZDU0LTQxNTYtYjgzNS01ZDNiYjdkYzZhZmYuanBlZyIsInRpdGxlIjoiQ0NFMjg2QUYtM0Q1NC00MTU2LUI4MzUtNUQzQkI3REM2QUZGIiwiY2FwdGlvbiI6IiIsImFsdCI6IiIsImRlc2NyaXB0aW9uIjoiIn0=,eyJ1cmwiOiJodHRwczpcL1wvbmV3c3Jvb20ua3pcL3dwLWNvbnRlbnRcL3VwbG9hZHNcLzIwMjJcLzA4XC9mODliNTFmOC1lOTIwLTRhNTMtYTZkNy01MDFkN2RjZDU5NGMuanBlZyIsInRpdGxlIjoiRjg5QjUxRjgtRTkyMC00QTUzLUE2RDctNTAxRDdEQ0Q1OTRDIiwiY2FwdGlvbiI6IiIsImFsdCI6IiIsImRlc2NyaXB0aW9uIjoiIn0=,eyJ1cmwiOiJodHRwczpcL1wvbmV3c3Jvb20ua3pcL3dwLWNvbnRlbnRcL3VwbG9hZHNcLzIwMjJcLzA4XC9lM2VkOWU3ZS1hMjQ1LTQxYTktOWVhMC01MjFlYmI2MTk2MGYuanBlZyIsInRpdGxlIjoiRTNFRDlFN0UtQTI0NS00MUE5LTlFQTAtNTIxRUJCNjE5NjBGIiwiY2FwdGlvbiI6IiIsImFsdCI6IiIsImRlc2NyaXB0aW9uIjoiIn0=,eyJ1cmwiOiJodHRwczpcL1wvbmV3c3Jvb20ua3pcL3dwLWNvbnRlbnRcL3VwbG9hZHNcLzIwMjJcLzA4XC84OTI5M2I1ZC1kNzk1LTRiYmYtYjcxYS0yYWFjODY2OTA5MWQuanBlZyIsInRpdGxlIjoiODkyOTNCNUQtRDc5NS00QkJGLUI3MUEtMkFBQzg2NjkwOTFEIiwiY2FwdGlvbiI6IiIsImFsdCI6IiIsImRlc2NyaXB0aW9uIjoiIn0=,eyJ1cmwiOiJodHRwczpcL1wvbmV3c3Jvb20ua3pcL3dwLWNvbnRlbnRcL3VwbG9hZHNcLzIwMjJcLzA4XC84NDA1NGMzOC02MzU5LTRiYWItYTQ0YS03ZjhmODNiYjQ3YWYuanBlZyIsInRpdGxlIjoiODQwNTRDMzgtNjM1OS00QkFCLUE0NEEtN0Y4RjgzQkI0N0FGIiwiY2FwdGlvbiI6IiIsImFsdCI6IiIsImRlc2NyaXB0aW9uIjoiIn0=,eyJ1cmwiOiJodHRwczpcL1wvbmV3c3Jvb20ua3pcL3dwLWNvbnRlbnRcL3VwbG9hZHNcLzIwMjJcLzA4XC9iNzY3MzhjYS1iYzM2LTQyY2UtYjM5YS0xNmJlNmMyNTM1MjYuanBlZyIsInRpdGxlIjoiQjc2NzM4Q0EtQkMzNi00MkNFLUIzOUEtMTZCRTZDMjUzNTI2IiwiY2FwdGlvbiI6IiIsImFsdCI6IiIsImRlc2NyaXB0aW9uIjoiIn0=,eyJ1cmwiOiJodHRwczpcL1wvbmV3c3Jvb20ua3pcL3dwLWNvbnRlbnRcL3VwbG9hZHNcLzIwMjJcLzA4XC83NTkxNDI3YS01MDhiLTQ0OGMtOWQ3NS0wMzU2MmRiNGRjNDkuanBlZyIsInRpdGxlIjoiNzU5MTQyN0EtNTA4Qi00NDhDLTlENzUtMDM1NjJEQjREQzQ5IiwiY2FwdGlvbiI6IiIsImFsdCI6IiIsImRlc2NyaXB0aW9uIjoiIn0="]

sk-trust.kz

«Samruk-Kazyna Trust»

әлеуметтік жобаларды дамыту қорының

Корпоративтік қызметі

+ 7 (775) 263 55 133