БҚО-да кезекті қаржы пирамидасы анықталды
БҚО-да кезекті қаржы пирамидасы анықталды
Mgorod.kz дереккөздеріне сүйене отырып, олар мессенджерлер арқылы салымшыларды іздеген, деп newsroom.kz хабарлайды.
Қаржы мониторингі агенттігі BINCLOUD қаржы пирамидасын ұйымдастырушыларға қатысты сотқа дейінгі тергеудің басталғаны туралы хабарлады. Олар WhatsApp және Telegram арқылы қазақстандықтарды қызықтырған.
- Bincloud бағдарламасына сәйкес жеке тұлғалар белгілі бір сомаға виртуалды майнинг жабдығын жалға алып, одан салынған соманың 5-6% мөлшерінде күн сайынғы инвестициялық кіріс түсіреді. Сонымен қатар, клиенттерден кіріс шығару кезінде қаржы пирамидасын ұйымдастырушылардың пайдасына жалпы соманың 16% ұсталады, - деп ҚМА түсіндірді.
Бұл пирамидадан зардап шеккендерді +7 (7112) 53-84-27 телефонына хабарласуды сұрайды.
Фото: mgorod.kz