Жаңалықтар

Әскерилер Оралда бизнесменді өлтірген күдіктілерді іздеуге қосылды

Mgorod.kz дереккөздеріне сүйене отырып, Оралда жергілікті бизнесмен Еркін Мұханғалиевтің өліміне күдіктілерді іздеуге Ұлттық ұланның әскери қызметшілері қосылды, деп newsroom.kz хабарлайды.

Белгілі болғандай, қылмыскерлерді ұстауға Ұлттық Ұланның 5517 әскери бөлімінің әскери қызметшілері қосылды. Қазіргі уақытта қалаға кіру және шығу жолдарын полиция қызметкерлері тексеруде, күдіктілердің болуы мүмкін барлық орындары пысықталып жатыр. Іздеу жұмыстары бір тәулік бойы жүргізілуде.

"Егер сізде күдіктілердің ықтимал немесе нақты орналасқан жері туралы ақпарат болса, 102 пультіне немесе 98-45-30 нөміріне хабарлауды сұраймыз. Жасырындыққа кепілдік беріледі", - деп полициядан хабарлады.

Фото: mgorod.kz