Өзіңнен кейінгілерге қарап, қартаясың...

14 Қараша, 2019 160 0

Белгісіз сатып алушының әңгімесі. 

Оқиға осыдан бірнеше ай бұрын орын алған еді. Қаламызда косметикалық дүкендер желісі ашылды. Алғашқы күндері дүкенде аншлаг болып, бәріміз таң болғанбыз. Көп ұзамай жергілікті халықтың жаңа дүкенге қызығушылығы төмендеді. Бұл заңды да. Алайда, енді ғана мектептің жоғары сыныбына өткен жас қыздар ештеңе алмаса да күніне бірнеше рет дүкенге бас сұғып әуре болатын.

Осындай әдеттегі күндердің біріндежас қыздар әдемі құтылар мен бөтелкелер орналастырылған қатардан кете алмай, әлдебір нәрсені талқылауға кірісті. Бәрінің айтатының «хайлайтер». «консилер», «праймер» сынды бейтаныс сөздер еді. а\Ал дәл осы қатардың екінші жақ бетіндегі келуші дәл осы сәтте өзіне жарасатын далап таңдай алмай тұрған. Анығы, далапты таңдап алғанымен, өзіне лайық түсті бағамдай алмай әлек болды.

Оны байқаған оқушы қыздар қатты күлді. Неше түрлі кекесін айтып, өздерінше әжуалауға тырысты. «мынаның таңдаған компаниясын қараңдаршы. Таңдаған түсі өзіне дым жараспайды» деген сөздер анық-анық естіліп тұрды. Ал осы сынды сөздердің бәрінің түйіні «Ой, бұл мұның бәрінен не түсінеді дейсіңдер? Қараңдаршы, алдыңғы топтамадан таңдапты. Мұндайд далап қолдану үшін бұл әйел өте кәрі ғой», - деген сөздер еді.

«Кәрі әйел» екеуміз бір-бірімізге қарап, жымиып, кассаға бардық. «Қарт әйел» шамамен 25 жаста еді.

 

Тегтер: әнгіме, сатушы, косметика, қарт

Достар! Біздің телеграмма арнамызға жазылыңыздар және соңғы жаңалықтарды бірінші болып біліп отырыңыз. Жаңалықтар Сізге дереу жетеді!

Пікір қалдыру

Пікір жазу үшін сайтқа кіріп, телефон нөмірін растаңыз.