Марлен Айнабеков «Охотзопром» басшысы болып тағайындалды

14 Қараша, 2019 158 0

Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің бұйрығымен Айнабеков Марлен Сансызбайұлы «Охотзоопром» мемлекеттік мекемесінің бас директорының міндетін атқарушы болып тағайындалды.

Марлен Айнабеков бұған дейін ҚР ЭМРМ Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті төрағасының орынбасары қызметін атқарған.

Бұл туралы Facebook-тегі парақшасында ҚР ЭМРМ Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің баспасөз хатшысы Сәкен Ділдахмет мәлімдеді, деп хабарлайды Stan.kz.

Алматы облысының Қаскелең қаласында дүниеге келген. Алматы зоотехникалық-ветеринарлық институтын мал шаруашылығы (1990), Қазақ экономика және құқық институтын, құқықтану (2003), Қазақ ұлттық аграрлық университетін, орман шаруашылығы (2009) мамандығы бойынша бітірген.

Еңбекші МТФ шаруа қожалығының басшысы; Қарасай ауданы әкімдігінің ұйымдастыру және кадр жұмысы бөлімінің бас маманы, ; «Іле-Алатау мемлекеттік ұлттық табиғи паркі» РМУ бас директорының орынбасары, «Іле-Алатау мемлекеттік ұлттық табиғи паркі» РМУ бас директоры (2008-2016); Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті төрағасының орынбасары (2016-2019) болды.

Тегтер: «Охотзопром», басшы, МарленАйнабеков

Достар! Біздің телеграмма арнамызға жазылыңыздар және соңғы жаңалықтарды бірінші болып біліп отырыңыз. Жаңалықтар Сізге дереу жетеді!

Пікір қалдыру

Пікір жазу үшін сайтқа кіріп, телефон нөмірін растаңыз.