Ақтөбе облысы әкімінің орынбасары тағайындалды

14 Қараша, 2019 176 0

14 қараша, бейсенбі күні облыс әкімі Оңдасын Оразалиннің төрағалығымен өткен аппараттық отырыста облыс әкімінің экономикалық сұрақтары бойынша жаңа орынбасары таныстырылды.

ҚР Президенті Әкімшілігінің келісімімен, өңір басшысының бұйрығымен бұл лауазымға Руслан Мамунов тағайындалды.

39 жастағы Руслан Маратұлы Мамунов Ақмола облысында туған. «ҚазТұтынуОдағының экономикалық университеті», «Қазақ гуманитарлық заң университеті», Эдинбург қаласындағы «Шотландия Менеджмент және маркетинг мектебін» экономист, заңгер, МВА корпоративтік басқару мамандықтары бойынша тәмамдаған.
Еңбек жолын Ақмола облысы, Ақкөл аудандық Салық комитетінде маман болып бастаған.

«ҚазМұнайГаз» АҚ менеджер, бас менеджер, Қоғамның еншілес компанияларында департамент директоры, «Қазақстан Темір Жолы» ҰК» АҚ инвестициялық жобалар және күрделі құрылыс бөлімінің басшысы, «KazSatNet» АҚ келісімшарттар бөлімінің басшысы, «Ақтөбе» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясының төрағасы қызметтерін атқарды.

 

Тегтер: Ақтөбеоблысы, ОңдасынОразалин, тағайындау

Достар! Біздің телеграмма арнамызға жазылыңыздар және соңғы жаңалықтарды бірінші болып біліп отырыңыз. Жаңалықтар Сізге дереу жетеді!

Пікір қалдыру

Пікір жазу үшін сайтқа кіріп, телефон нөмірін растаңыз.