Елорданы айнала қоршап жатқан Ақмоланың стратегиялық маңызы жоғары - Президент

14 Қараша, 2019 130 0

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Ақмола облысын дамыту мәселелері жөніндегі кеңесте бірқатар мәселелерді көтерді, деп хабарлайды ҚазАқпарат Президенттік баспасөз хатшысы Берік Уәлидің Facebook парақшасына сілтеме жасап.

«Бүгін өздеріңізбен Көкше төрінде жүздесіп отырмыз. Арқаның айрықша сұлу аймағы – бүкіл еліміздің мерейі әрі мақтанышы. Бұл – тарихы терең, табиғаты ғажайып киелі өлке. Тұғыры биік тұлғалар шыққан қастерлі өңір. Елорданы айнала қоршап жатқан Ақмоланың стратегиялық маңызы жоғары. Осы жердің тұрғындары ел экономикасын өркендетуге елеулі үлес қосып келеді», - деп атап өтті жиында Мемлекет басшысы. 

Қасым-Жомарт Тоқаев облыстың бүгінгі тыныс-тіршілігімен қатар, даму келешегі – еліміз үшін өте маңызды міндеттер қатарында екенін тілге тиек етті. 

«Мен Жолдауда айтып өттім: экономикалық өсімді және тың өзгерістерді еліміздің әрбір тұрғыны сезінуі қажет. Біз халықтың әл-ауқатын арттыруды әрдайым басты назарда ұстауымыз керек. Өңірде тұратын азаматтарымыздың тұрмыс сапасы жоғары стандарттарға сай болуы тиіс. Бұл, ең алдымен, жергілікті халық тұрғын-үй, әлеуметтік қолдау, инфрақұрылым сияқты игіліктерді көруі тиіс деген сөз. Сол себепті барлық деңгейдегі әкімдер жұмысты жаңа талапқа сай, тиімді ұйымдастыруы қажет. Осыған орай, бүгінгі жиында Ақмола облысын дамыту мәселелерін қарастырамыз», - деді Президент.



Тегтер: Ақмола, стратегия, президент,

Достар! Біздің телеграмма арнамызға жазылыңыздар және соңғы жаңалықтарды бірінші болып біліп отырыңыз. Жаңалықтар Сізге дереу жетеді!

Пікір қалдыру

Пікір жазу үшін сайтқа кіріп, телефон нөмірін растаңыз.