«Жеп қоюға дайын»: танымал математик халықтың ғылымға емес, дінге көп көңіл бөлетініне наразы

14 Қараша, 2019 180 0

Орамал таға ма, тақпай ма, балағын ұзарта ма, ұзартпай ма, онда тұрған не бар? Қаласа – тақсын, қаламаса – тақпасын. Сол да таласатын нәрсе ме?!

Кезінде "Хабар" агенттігінің Бас продюсері болған Серік Абас-шах өзінің Facebook-парақшасында танымал математик Асқар Жұмаділдаевтың дін тақырыбында айтқан ойын жариялады, деп хабарлайды Skifnews.kz.

Танымал математика жұрт дінге емес, ғылымға көбірек көңіл бөлу керектігін айтады. Сонымен қатар, ол діндарлардың айтқан сөздері іспен қабыспай жататынын сынға алды.

"Дін жағына көп барғым келмейді. Өйткені қазір онымен көбіне халтурщиктер айналысып кетті. Саясатқа айналдырып жіберді.

Орамал таға ма, тақпай ма, балағын ұзарта ма, ұзартпай ма, онда тұрған не бар? Қаласа – тақсын, қаламаса – тақпасын. Сол да таласатын нәрсе ме?!

Компьютерді ойлап тапқан – еврейлер, машинаны ойлап тап­қан – ағылшындар, тағы басқа техника түрлерін ой­лап тапқан – немістер, неге солардың арасы­нан бір жаңалық ойлап табатын мұсылман шық­пайды? Таласса, осы сұрақтармен талассын!

Діндарлар «бір-біріңді сыйлаңдар, жақсы көріңдер», – деп айтады, іс жүзінде бәрі бір-біріне қарсы. Жеп қоюға дайын" - дейді Асқар Жұмаділдаев. 


Тегтер: математика, ғылым, дін

Достар! Біздің телеграмма арнамызға жазылыңыздар және соңғы жаңалықтарды бірінші болып біліп отырыңыз. Жаңалықтар Сізге дереу жетеді!

Пікір қалдыру

Пікір жазу үшін сайтқа кіріп, телефон нөмірін растаңыз.