Айнұр Тұрсынбаева: «Маған көлік сыйлаған күні, біреулер оның айнасы үшін адам өлтіріп жатты»

23 Шілде, 2018 10925 5

Белгілі айтыскер-ақын Айнұр Тұрсынбаева 35-көлігін мінді! Бұл жайында ол өз Instagram-парақшасында мақтанышпен жазды деп хабарлайды  sn.kz  порталы.

Айтуынша, ақын барлық көлікті адал еңбегінің арқасында иемденген. Мәселен, айтыстан осы уақытқа дейін 34 көлік ұтып алса, бұл жолы «Mersedes» көлігін өзі қосымша табыс тауып жүрген компания сыйға тартыпты.

«Өмір-ай десеңші... Маған «Mersedes» көлігін сыйлаған күні біреулер көліктің айнасы үшін адам өлтіріп жатты. Тереңірек үңілейікші. Ұрлық жасайтын, қылмыс жасайтын көбінесе кімдер?! Тұрмысы төмен, жоғары білім алуға жағдайы жоқ жастар. Бір кедейдің баласы «қарным ашты» деп жылап отырса байдың баласы таң қалып, «қарның ашса үйіңе барып бауырсақ жесеңші» депті ғой... Тоқшылық не дегізбейді, жоқшылық не жегізбейді... 35-ші көлігім айтыстан бөлек жерден бұйырды. Әрине, сіз танымалсыз, оқырманыңыз көп дейтін шығасарсыз. Онда фотоны жылжытып қараңыздар! Бұл ерінетін, үкіметке өкпелеп, Instagram шұқылап отыратын заман емес! Балаңды оқытып адам қылатын өзің! Инфляция анау өсіп жатқан.. Маған болмаса да әйтеуір бір тірліктің көзін табыңыз», – деп жазды Айнұр Тұрсынбаева Instagram-парақшасына.  

Тегтер: Айнұр, Тұрсынбаева, Денис, Тен

Достар! Біздің телеграмма арнамызға жазылыңыздар және соңғы жаңалықтарды бірінші болып біліп отырыңыз. Жаңалықтар Сізге дереу жетеді!

Пікір қалдыру

Пікір жазу үшін сайтқа кіріп, телефон нөмірін растаңыз.

Гульнара 23 Шілде, 2018

Қандай компания?

Даметкен наурзгалиева 23 Шілде, 2018

Айнур шырагым сен буреудин казасында маган машина сыйлады. Ал сен онын айнасы ушин олип жвтырсын деп калай айтып турсын ол табалаганын ба? Алде журегин жокпа или журек емес кокрек магсап кор адамсын ба ?,мунау оте жаман нкен.

Самат Хожа 23 Шілде, 2018

Айнұр ақын бүгінгі таңдағы қоғамдағы мүлік теңсіздігін айтқысы келген ғой деп ойлаймын. А так ол ақын апай ондай ақымақ адам емес ғой.

Бауыржан 23 Шілде, 2018

Жарайсыз Айнұр.Құтты болсын.Еңбегіңіздің арқасы.Қазақтың бір қызы табыскер болса біз риза болуымыз керек.

Гүлбану 24 Шілде, 2018

Дұрыс айтасыз.қазір еңбектенген адамға ақша табу жолдары көп...