«Аты-жөні ауысқаны туралы» анықтама онлайн түрде қолжетімді

13 Қараша, 2019 216 0

Бұл туралы «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының Маңғыстау облысы бойынша филиалының PR-менеджері Багила Жарланова айтты, — деп хабарлайды newsroom.kz сайты. 

Егер сіз тегіңізді не есіміңізді өзгерткен болсаңыз, бұл туралы анықтаманы онлайн түрде egov.kz порталы арқылы қол жеткізе аласыз.

Қызметті онлайн алу үшін нестеу керек? 

1) Порталда авторланып, «Қызметті онлайн алу» батырмасына өтіңіз; 

2)Өтінімді толтырып, ЭЦҚ-мен қол қойыңыз немесе смс-құпиясөзді пайдаланыңыз; 

3)Қажетті төлемді жүргізіңіз; 

4) Өңделген анықтаманы жеке кабинетіңізде «Қызметтерді алу тарихы» тарауынан таба аласыз. 

Айта кететін жағдай, онлайн қызметті 2008 жылдың 14 сәуірден бастап тегін, атын, әкесінің атын өзгерту туралы жазба актісі жазылған азаматтар ғана ала алады.

Тегтер: «Азаматтарғаарналғанүкімет», тегі, анықтама

Достар! Біздің телеграмма арнамызға жазылыңыздар және соңғы жаңалықтарды бірінші болып біліп отырыңыз. Жаңалықтар Сізге дереу жетеді!

Пікір қалдыру

Пікір жазу үшін сайтқа кіріп, телефон нөмірін растаңыз.