Жангелдиннің жұмбағы қашан шешіледі?
Жангелдиннің жұмбағы қашан шешіледі?
Фб-да Әліби Жангелдинді шоқынды қазақ ретінде жұрт жаппай қаралап жатыр екен. Міржақып Дулатовтың көзімен бүгінгі күн тұрғысынан Әлібиге баға беру біржақты емес пе.
Газетте жүргенімде жақында 100 жасқа толған соғыс ардагері, байырғы журналист Ізгілік Дабаев ақсақалмен ара-тұра әңгімелесіп қалатынмын. Ақсақал «Литер» газетіне орысша жазған мақалаларын әкеп тұратын. Әліби туралы ақсақалдың әңгімесіне қарағанда, Жангелдин Қазанда Ленин оқыған оқу орнында білім алып, кейін Мәскеуге ауыстырылған болуы мүмкін.
1905 жылы Мәскеу академиясынан революциялық көзқарасы үшін оқудан шығарылған соң, Жангелдинді Ленин құпия тапсырмамен қолына киноаппарат беріп, Николай Степнов деген құжатпен, әлемге коммунизм идеясын жаю үшін аттандырады. Жангелдин Еуропаны, Таяу Шығысты, Африка мен Азияны түгел аралайды.
Меккеде де, Жапонияда да болады.
Қытайда Мао Цзе Дунмен кездеседі.
Біз Жангелдинді Кеңес өкіметі кезімен бағалап жүрміз.
Ал оның арғы құпия өмірін терең зерттесек, оның әлемдік тарихтан ойып орын алары күмәнсіз.
Қазақтың тұңғыш киносын Жангелдинге арнау жөнінде Сталин тапсырма берген екен. Жангелдин қарсылық білдіріп, менің орныма Амангелді Иманов туралы кино түсірсін деген екен.
Жангелдиннің өлімі де жұмбақ. Сталинге у беріп өлтірген соң, арғы құпияның бәрін білетін Әлібидің де көзін көп ұзатпай жойған секілді...