Бүгінгі Қазақстан және әлемдегі жаңалықтар | Newsroom.kz RU search
15 мамыр, 2020 / NewsRoom / Жаңалықтар

Рамазанның соңғы 10 күнін қалай өткізу керек

Рамазанның соңғы 10 күнін қалай өткізу керек

Рамазанның соңғы 10 күнін қалай өткізу керек
ашық дереккөзі
Қасиеттi Рамазан – сауабы мол, рухани жаңғыру айы. Таңда сәресін ішкізіп, кешке ауызашарды асыға күткізген оразаның да бітуіне аз қалды. Осы орайда Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы Рамазан айының соңғы 10 күнін қалай өткізу жайлы кеңесімен бөлісті.  width= 1. Сүйікті сериалды өшіру Рамазан айының соңғы он күні - көгілдір экраннан бас тартып, теледидар пультін алыстау жерге қойып қоюдың ең тиімді уақыты. 2. Ғаламтордан бас тарту Қасиетті айдың алтын уақытын ғаламтор беттерінде өткізбеген жөн. 3. Құлшылықты арттыру Рамазан айының аяғында көпшілігіміз шаршаңқырап қаламыз. Бәлкім, бұл әлсіздікке себеп болған режимнің бұзылуы мен аштық сезімдері болар. Қалай болғанда да, біздің ықыласымыз әлсірейді, бірақ оған жол беруге болмайды. 4. Үй шаруасын жеңілдету Бұл айдың соңғы күндері уақытты үй құрылысына арнамаған абзал. Негізінде, үйдің ауасын жаңартып, үйге мерекелік атмосфераны Рамазан айы кірмес бұрын жасаған жөн. 5. Дүкенде кезекте тұрмау Айт күндері отбасымызды, жақындарымызды қуанту - дұрыс. Алайда, оразаның соңғы күндерінде "сыйлық аламын" деп көп уақытты зая кетіру орынсыз шешім. ТАҒЫ ДА ОҚЫҢЫЗДАР Қорқыт ата туралы не білеміз? 6. Ысырап жасаудан бас тарту   Әйелдер қауымы айт күніне екі-үш күн қалғанда, тіпті бір апта қалғанда азық-түлік тізімін жасауды бастайтыны анық. Бұл жақсы. Дегенмен, аспаздық шабыттың шектен шығып кетпегенін қадағалаған абзал. 7. Кешірім сұрау Ораза кезінде "кешірім сұрау керек, туыстармен қарым-қатынасты жақсарту керек, отбасылық өміріме жылулықты қайтаруым керек" деп жүрген боларсыз. Қасиетті айдың соңғы он күні осы ойлардың жүзеге асуына таптырмайтын сәт. 8. Мақсаттарды іске асыру Рамазан айының соңғы он күні құран оқу, намаз бастау, уәдеге берік болу, ата-анаңызға күнде хабарласу сияқты амалдарды орындаудың, алға қойған мақсаттарыңызға жетудің таптырмас уақыты. 9. Дұға тілеу Ең соңғы күнге дейін, сағатқа, тіпті минутқа дейін Алла Тағаладан жүрегімізді мазалаған уайымымызды жеңілдет деп, Өзіне апарар жолды көрсетуін, күнәмізді кешіріп, жақындарымызды жәннатпен сүйіншілеуін сұрауға тиіспіз. Сілтеме