Күзде жағымпаздар шеруі бастала ма?
Күзде жағымпаздар шеруі бастала ма?
«Жаңа Қазақстанның» ескі Қазақстаннан ерекшелігінен гөрі ұқсастығы көбірек секілді – деп жазды Есен Елеукен өзінің фейсбук парақшасында.
Оны Президент жағымпаздыққа жаным қарсы десе де, билікке жағымпаздардың көптеп барып жатқаны қынжылтады екен.
«Күз келе жатыр ғой. Көр де тұр, көп кешікпей жағымпаздар жарысы басталады. Әрі олардың билікке, депутаттыққа шеруі басталады» - деп ойын түйіндеді Е.Елеукен.
Осы орайда, newsroom.kz порталы жағымпаздық туралы интернет беттерінен табылған келесідей мәліметті оқырман назарына ұсынуды жөн көрді. Айтқандай, Сіз жағымпазсыз ба, құрметті оқырман?
Жағымпаздық [1]— адам мінезіндегі ұнамсыз сипат; оның айналасындағы адамдар мен қызметтестеріне, өзінен қызмет жағдайында жоғары тұратын адамдарға жақсы көріну үшін шектен тыс қошеметшіл болуы. Көбінесе, өз қабілетіне өзі сенбейтін, оңай жолмен артық пайда табуды не билік-мансапқа қол жеткізуді өмірінің мақсаты тұтқан адамдар бойында кездеседі. Жағымпаздықтың әлеуметтік ортаға, қоғамға тигізетін зияны көп. Жағымпаздық орын алған әлеуметтік ортада адамгершілік принциптері мен шынайы құндылықтар рөлі төмендеп, адамдар қарым-қатынасында жалған өлшемдер белең алады. Сондықтан халық жағымпаздықты ащы күлкімен шенеп отырған.[2]
Дереккөздер:- Жантану атауларының түсіндірме сөздігі. — Алматы: «Сөздік-Словарь», 2006. - 384 бет. ISBN 9965-409-98-6
- «Қазақстан»: Ұлттық энцклопедия/Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1998 ISBN 5-89800-123-9