Жаңалықтар

Мені министр қылған Шөкеев емес – Асылжан Мамытбеков

Мені министр қылған Шөкеев емес – Асылжан Мамытбеков

Ауыл шаруашылығы экс-министрі Асылжан Мамытбеков өзінің көз ілеспес жылдамдықпен өскен саяси мәнсабына қатысты пікір білдірді.

«...Сұрауы бар» YouTube арнасының жүргізушісі Ербол Сейілханның: «Сіздің саяси карьера жасауыңызға Шөкеевтің ықпалы болды ма?» - деген сауалына:

«Болмады десем дұрыс болмайтын шығар. Бірақ министр қылу әрине ол кісінің қолынан келмейді. Иә, «ҚазАгроға» мені ұсынған шығар. Ол жаққа барамын деп мен ұйықтасам да түсіме кірмейтін еді. Дегенмен министр қылу, қылмауды тек президент шешеді. Менің ойымша ол (ред. Өмірзақ Шөкеев) ешқандай ықпал жасамады» - деді экс-министр. Дегенмен Мамытбеков қазір әлі де саяси қызметтегі Өмірзақ Шүкеевпен жақсы қарым-қатынаста екенін жасырмады. «Түркістанға шақырса барасыз ба?» - жеген жүргузішінің сұрағына саясаткер:

«Жоқ. Қазір «Ет одағын» жарты жолда тастап кету дұрыс емес деп ойлаймын. Салада проблемалар көп» - деп жауап қайтарды. Кезінде экс-президент Нұрсұлтан Назарбаевқа ашық түрде қарсы пікір білдірген экс-министр Асылжан Мамытбековтың сыр сұхбатын «...Сұрауы бар» арнасынан төмендегі сілтеме арқылы көріңіздер!