weather Астана: --°C
weather Алматы: --°C
weather Шымкент: --°C
Бүгінгі Қазақстан және әлемдегі жаңалықтар | Newsroom.kz RU search
15 мамыр, 2020 / NewsRoom / Жаңалықтар
Тарату: WhatsApp Telegram Twitter Facebook

Арыстағы жарылыс үшін 16 адам сот алдында жауап беруде

Арыстағы жарылыс үшін 16 адам сот алдында жауап беруде

Арыстағы жарылыс үшін 16 адам сот алдында жауап беруде
ашық дереккөзі
Бұрын жоғары лауазым атқарған әскери қызметкердерге іс бойынша айып тағылып жатыр.
Шымкентте Арыста болған жарылысқа қатысты сот отырысы басталды.  width= Айыпталушылардың арасында еліміздің Қорғаныс министрлігінің бұрынғы бірқатар лауазым иелері және Арыстағы №44859 әскери бөлімінің командирі мен оның орынбасары - Артиллериялық оқ-дәрілерді сақтау базасының бастығы бар. Оларға жарылғыш заттармен жұмыс істеу ережелерін бұзу және ауыр зардаптарға әкеп соққан салғырттық жасады деген бірнеше бап бойынша айып тағылды. Қылмыстық іс 400 томнан асты. Еске сала кетсек, Арыс қаласындағы әскери бөлімнің қоймасында 2019 жылы 24 маусым күні таңертең жарылыс болды. Салдарынан үш адам қаза тапты - Арыс тұрғыны мен екі әскери қызметші. 170-ке жуық адам зардап шекті. 23 тамызда ІІМ Тергеу департаментінің әскери-тергеу басқармасы қыслмыстық іске қатысты екі адамды қамауға алды. Оларға Қылмыстық кодекстің 462-бабының 3-бөлігі (жарылғыш заттармен жұмыс істеу ережелерін бұзу) және 453-бабының 2-бөлігі (ауыр зардаптарға әкеп соққан салғырттық) баптарымен айыпталуда. Сілтеме