Жаңалықтар

«Президент келердің алдында шұңқырды көрсетпес үшін жолды қырып тастады» - Жезқазған тұрғыны

«Сұрауы бар» YouTube арнасының редакциясы әзірлеген кезекті деректі фильмі Ұлытау облысының  тыныс-тіршілігіне арналады, деп newsroom.kz жазады.

Әрине, бұл аймақта да  жерлікті халықтың проблемасы жетіп артылады. Соның бірі – 30 жылдан бері жөнді жөндеу көрмеген, әбден тозығы жеткен жолдар. Ел тіпті шенеуніктер  олқылықты реттеудің орнына көз бояушылықпен айналысып кетті деп ренжулі.

«Бұл Рыбачий елді-мекені. Қазір қазақша атауы басқаша. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев келердің алдында шұңқырды көрсетпес үшін мына жолдың асфальтын қырып тастаған.Мен ойлаймын, ертең жаңа Қазақстанның жаңа Рыбачийдің жолы осымен басталатын шығар деп. Жаңа әкіммен, жаңа Ұлытау ауданымен. Бірақ бұл жол былтыр, қараша айында ғана салынған еді», - дейді Жезқазған тұрғыны, әрі  көлік жүргізушісі Ғалым Қарабаев.

16 маусымда Ұлытауда ұлы құрылтай болған. Соған қатысқан Қасым-Жомарт Тоқаев Жезқазған аймағын басып өтіп, жиынға барып қатысқан. Ұлытау облысының ахуалы туралы деректі фильмнің толық нұсасын «...Сұрауы бар» YouTube арнасынан көріңіздер. [embed]https://www.youtube.com/watch?v=Vqq13ZENbDs[/embed]