Жаңалықтар

«Айтып жатырмыз, нәтиже жоқ»: Жезқазған жұрты құлағалы тұрған үйлерді бағамен тіреп тұруға мәжбүр

«Сұрауы бар» YouTube арнасының редакциясы кезекті деректі фильмін жаңадан облыс болып бөлінген Жезқазғанға барып, сондағы жұрттың тыныс-тіршілігімен танысқан еді, деп newsroom.kz хабарлайды. 

Бүгінгі Жезқазған көшелері ретро стильдегі киноның декорациялары тәрізді. Орталықтағы екіқабатты үйлер тың игеру кезеңі 50-60 жылдары салынғандықтан шетінен қабырғасы сөгіліп жатыр. Дегенмен, жергілікті әкімдік бүлінген үйлерді жөндеудің орынан қабырғаларына тіреуіш қойып қана құтылған. Күндердің күнінен құласа, тұрғынның бірі мертігуі мүмкін.

«Бізде құбыр жарылды да жертөреде. Су аққан кезде қабырғалар жарылып, қисайып кеткен. Сол кезде КСК-дан адамдар келді де қышпен қалап, түзеп қойды. Шамалы тыныштандырып қойды. Мысалы, мына тіреу (Үйдің сыртына тіреліп бағандар қойылға - Ред.) жәй тұрған тіреу ғой, показуха. Мына жерде тұратын 80-нен асқан кемпір, ол кісіге былай айтқанда ештеңе керек жоқ. 15 квартира, теледидарға да шығардық. Жазып жатыр, шығарып жатырмыз,нәтиже жоқ», - дейді Жезқазған тұрғыны Меруерт Есболова.

Ертоқымның тартпасындай үйді айналдыра тартып тастаған панельді көпқабатты үйлер Жезқазғанның орталық көшесі Алашахан бойында тұр. Тұрғындардың бұндай көрініске көздері де, еттері де үйреніп кетсе керек.

«97 жылы Жезқазған облысының таратылуы әділетсіз шешім болды. Көпе-көрнеу қиянат болды деп осындай сөздерді айта беруге болады. Себебі басында 5 облысты таратамыз деген әңгіме шыққан уақытта көшін түзей алмай бірыңғай субсидия, дотацияға отырғандарды таратамыз деген сылтаумен басталды ғой. Содан келіп сол кезде донорлардың қатарында тұрған Жезқазған тарап кетті», - дейді Әнуар Омаров, Ұлытау ауданы қоғамдық кеңесінің төрағасы.

Жезқазғандағы жермен-жексен болайын деп тұрған баспаналармәселесі «...Сұрауы бар» YouTube арнасындағы деректі фильмде көрсетіледі. Материалдың сілтемесі төменде [embed]https://www.youtube.com/watch?v=Vqq13ZENbDs[/embed]