11-сынып оқушыларының арасында жаратылыстану – математикалық бағыттағы пәндерден ХІІ Президенттік олимпиада

12 Қараша, 2019 103 0

2019 жылғы 12–15 қараша аралығында Қарағанды мемлекеттік индустриалды университеті аясында республикалық білім беру ұйымдарының 11-сынып оқушыларының арасында жаратылыстану – математикалық бағыттағы пәндерден ХІІ Президенттік олимпиада (бұдан әрі - Олимпиада) өткізіледі.

Олимпиада Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті - Елбасы Н.А.Назарбаевтың тікелей тапсырмасы бойынша 2008 жылдан бері өткізіліп келеді.

Олимпиаданың негізгіидеясы - еліміздің жоғары білімді оқушыларын патриоттық рухта тәрбиелей отырып, олардың жаратылыстану-математикалық бағыттағы білімдерін тереңдету,  дамыту.

Олимпиаданың ашылу салтанаты а.ж. 12 қараша күні сағат 17.00-де Қарағанды мемлекеттік индустриалды университетінің мәжіліс залында өткізіледі.  

Қазылар алқасының құрамына өткен жылдардағы халықаралық және Президенттік олимпиадалардың жеңімпаздары, бүгінде еліміздің алдыңғы қатарлы және шетелдік жоғары оқу орындарының студенттері, магистрлері мен PhD докторлары енгізілген. Қазылар алқасының Құрметті қонақтары ретінде әль-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің,     Қазақстан-Британ техникалық университетінің, Л.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің ғалымдары шақырылған.

ҚР «Білім туралы» Заңына сәйкес Олимпиаданың қорытындысы бойынша Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігінің I, II және III дәрежелі дипломдарымен марапатталады және  жеңімпаздар мен  жүлдегерлер  республикамыздың  жоғары оқу орындарына білім беру гранттарын тағайындауда басым құқықты иеленеді. 

Олимпиаданың жабылуы мен жеңімпаздарды марапаттау рәсімі  2019 жылғы 15 қараша күні  сағат 10.00-де Қарағанды мемлекеттік индустриалды  университетінің мәжіліс залында өткізіледі. 

21 жыл ішінде алғаш рет Олимпиаданың барлық турларын өткізу кезінде барынша ашықтықты қамтамасыз ету мақсатында тікелей  бейнетрансляция он-лайн режимінде көрсетіледі.

Бейнетрансляцияға сілтемелер «Дарын» РҒПО-ның daryn.kz және kgiu.kz аккаунттарында берілген.

 

 

Қосымша  мәліметті 

Нұр-Сұлтан қ., Республика даңғылы, 34 «А» мекен жайынан,

8 (7172) 29-50-76; 29-52-32 телефоны арқылы білулеріңізге болады.

Дереккөз: daryn.kz

Тегтер: ХІІПрезиденттіколимпиада, Елбасы

Достар! Біздің телеграмма арнамызға жазылыңыздар және соңғы жаңалықтарды бірінші болып біліп отырыңыз. Жаңалықтар Сізге дереу жетеді!

Пікір қалдыру

Пікір жазу үшін сайтқа кіріп, телефон нөмірін растаңыз.