Лифтте сүйіскен қариялардың әрекеті желіні шулатты

12 Қараша, 2019 220 0

Кешелі бері әлеуметтік желіні шулатқан видеоны бөліскендер саны бүгін рекордтық көрсеткішке жетті.

Бейнеде лифте тұрған тақиялы қария еңкейіп қасындағы әйелдің ернінен сүйеді. Ол әрекетінен кейін екеуі де ұялыңқырап қалғаны байқалады. Дегенмен, лифт камералы екенін егде тартқан кісілер байқамаған.

Қариялардың бұл әрекеті әлеуметтің қызу талқысына түсті. Бір жақ «осы кісілердің жасына жетейік», - деп жақсыға жорыса, екінші жақ жасы келген кісілерге ыңғайсыз қылық деп, пікір білдіруде.


Тегтер: лифт, қария, әлеуметтікжелі, видео

Достар! Біздің телеграмма арнамызға жазылыңыздар және соңғы жаңалықтарды бірінші болып біліп отырыңыз. Жаңалықтар Сізге дереу жетеді!

Пікір қалдыру

Пікір жазу үшін сайтқа кіріп, телефон нөмірін растаңыз.