Алаяқтар «Ұлттық арнаның» атын пайдаланбақ болды

12 Қараша, 2019 131 0

«Qazaqstan» Ұлттық телеарнасының өкілдері дабыл қағуда. Өйткені, бірнеше күннен бері Facebook әлеуметтік желісінде «Qazaqstan» деген фейк аккаунттан әрбір қазақстандыққа 175 000 теңге берілетіні туралы жалған ақпарат тарап жатыр.

«Qazaqstan» Ұлттық телеарнасының ресми өкілдері бұл хабарландырудың ешқандай шындыққа жанаспайтынын және оның ресми парақшаларына ешқандай қатысы жоқ екенін мәлімдеуде.

«Көрсетілген сілтемедегі сауалнама адамның жеке мәліметтерін ұрлауға бағытталған. Сондықтан хабарламаға назар аудармауларыңызды сұраймыз.

«Qazaqstan» арнасының Facebook желісіндегі ресми парақшасы - Qazaqstan Ұлттық телеарнасы және ресми аккаунт екенін айғақтайтын арнайы көк белгіше қойылған.», - деген Ұлттық арна өкілдері өз телеарналарының бұл алаяқтық әрекетке қатысы жоқ екендігін растап отыр.

Тегтер: Qazaqstan», Ұлттықтелеарна, әлеуметтікжелі

Достар! Біздің телеграмма арнамызға жазылыңыздар және соңғы жаңалықтарды бірінші болып біліп отырыңыз. Жаңалықтар Сізге дереу жетеді!

Пікір қалдыру

Пікір жазу үшін сайтқа кіріп, телефон нөмірін растаңыз.