Түркістан Аренасын УЕФА халықаралық II дәрежесін алды
Түркістан Аренасын УЕФА халықаралық II дәрежесін алды
Inform.kz дереккөздеріне сүйене отырып, «Түркістан Аренада» жүргізілген инспекция қорытындысы бойынша УЕФА аталған стадионға халықаралық II дәреже беру туралы шешім шығарды, деп newsroom.kz хабарлайды.
Түркістан стадионы келесі матчтарды қабылдай алады:
– УЕФА Чемпиондар лигасы, УЕФА Еуропа лигасы және УЕФА Конференция лигасының 1, 2, 3 іріктеу кезеңдерінің ойындары;
– Жастар құрамалары (U-21) арасындағы Еуропа және әлем чемпионаттарының іріктеу және финалдық кезеңдері;
– 17 және 19 жасқа дейінгі жасөспірімдер құрамалары арасындағы Еуропа және әлем чемпионаттарының іріктеу және финалдық кезеңдері;
– Әйелдер құрамалары арасындағы Еуропа және әлем чемпионаттарының іріктеу және финалдық кезеңдері.
Айта кетейік, 7 мың орындық стадион қажетті қондырғылармен толық қамтылған. «Самрұқ Қазына» ҰӘҚ АҚ Түркістанға тарту еткен стадионның негізі футбол алаңынан, жеңіл атлетикаға арналған жабық аренадан тұрады. Акробатика, бокс, ауыр атлетика, спорттық гимнастика және йога залдары толық талаптарға сай жасақталған. Бұдан басқа, мәдени-спорттық іс-шаралар, футбол, жеңіл атлетика, үстел теннисі, садақ атудан облыс құрамасының оқу-жаттығу жиындары, облыстық, республикалық және халықаралық жарыстар өткізілмек.
Аренадағы алғашқы ойын 2020 жылы 27 қазанда 2007-2008 жылдары дүниеге келген жасөспірімдер арасында өтті.
Фото: Inform.kz