Мұнайлының төтенше жағдайлар бөлімі поезда үгіт жұмыстарын жүргізді

12 Қараша, 2019 100 0

Ағымдағы жылдың 31 қазаны, бейсенбіге қараған түні Пәкістанда болған ас пісіру үшін пайдаланылған газ баллонының жарылысы салдарынан, Карачиден Равалпиндиге келе жатқан жолаушылар пойызындағы жарылыс және өрт салдарынан 73 адам қаза тауып, 20-ға жуық адам түрлі дәрежедегі күйік пен жарақат алды.

Осыған байланысты, 2019 жылдың қараша айының бірінші жұлдызында Мұнайлы ауданының Төтенше жағдайлар бөлімінің қызметкерлері Маңғыстау станциясының желілік полиция бөлімі қызметкерлерімен бірігіп «Маңғыстау-Алматы» бағытындағы жолаушылар пойызында ауқымды үгіт-насихат жұмыстарын жүргізіп, жол серіктері нұсқаулықтан өткізіліп, көрнекі жадынамалар таратылды. Бұл туралы Мұнайлы ауданының Төтенше жағдайлар бөлімі хабарлады.

Түсіндірме жұмыстары барысында пойыз мейрамханасына аса көңіл бөлініп, аспаз және даяршыларға тамақ пісіру кезінде қуатты көп қажет ететін және газ балонмен пайдаланылатын тамақ пісіру плиталарын қолданбау жөнінде дәріс өткізілді. Мұнан соң, Төтенше жағдайлар бөлімінің бастығы А. С. Құлманов бастапқы өрт сөндіру құралдарын дұрыс қолдану ережелерін түсіндірді. Шара соңында пойыз қызметкерлеріне ситуациялық сұрақтар қойылып, олардың өрт қауіпсіздігі бойынша біліктілігі тексерілді.

Фотоны төтенше жағдайлар бөлімі ұсынды

Дереккөз: tumba.kz

Тегтер: Маңғыстау, жаңалықтар

Достар! Біздің телеграмма арнамызға жазылыңыздар және соңғы жаңалықтарды бірінші болып біліп отырыңыз. Жаңалықтар Сізге дереу жетеді!

Пікір қалдыру

Пікір жазу үшін сайтқа кіріп, телефон нөмірін растаңыз.