Бүгін, қазақ-румын дипломатиялық қатынастың 30 жылдығына арналған мерейтой аясында Румыния Президенті Клаус Йоханнистің "Біртіндеп басып биікке" атты қазақ тіліне аударылған кітабы Л.Гумилев атындағы Еуразиялық Ұлттық Университетіне, Қазақ Ұлттық Аграрлық Университетіне тапсырылды, сондай-ақ Е.А.Букетов атындағы Қарағанды Мемлекеттік Университетіне жолданды деп жазады Newsroom.kz порталы.
Бұл румын саясаткерінің автобиографиялық кітабы арқылы қазақ жастары Румыния тарихының бір кезеңімен танысуға мүмкіндік береді.
Айта кететін жайт, Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Әке туралы ой-толғау» кітабы да Бухарестте румын тіліне аударылып, жарыққа шыққан болатын.
Қасым-Жомарт Тоқаев өзінің «Әке туралы ой-толғау» атты кітабында сонау Кеңес заманында күн кешкен қазақ отбасының өмір жолы, 30-шы жылдардағы аштық тартқызған нәубет, өмірдің сан түрлі сынақтары мен қуаныштарын жазады.
Сонымен қатар, «Qazaqstan» телеарнасына берген сұхбатында ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев «Бұл – менің әке-шеше алдындағы перзенттік борышым»,- деп жауап берген болатын.
Кітаптың аудармасы Бухарест Университетіне, Экономикалық ғылымдар академиясында, Бабеш-Бояй атындағы Клуж Университетіне жолданды. Президентіміздің кітабында суреттелген оқиғалар арқылы румын қауымы қазақ халқының болмысы, ой-санасымен танысады алады.
Кез келген ұлт өкілін құрметтеу – тілін, мәдениетін, тарихын құрметтеуден басталады. Ұлттық авторлардың - екі ел жоғары басшыларының дипломатиялық қарым-қатынастарының аясында аударылған шығармаларын оқығанда қазақ-румын халықтарының достастығы арта түсетіні анық.
Тілші БАЛА