Қызылжар өңірінде өздеріне қол салған Қозы мен Баян хат қалдырған

12 Қараша, 2019 208 0

Қызылжар өңірінде бір-біріне ғашық болған жас жұп өздеріне қол салды. Із түссіз жоғалған жігіт пен қыздың мәйітін полицейлер орманның ішінен тапқан. Тағдырдың тәлкегіне түскен жастар хат қалдырып кеткен. Олардың өмірімен қош айтысуына не себеп болды? Аймақтағы тілшіміз Абзал Құрманкин қыршын кеткен жастардың сырын білуге тырысты. 

Абзал ҚҰРМАНКИН, ТІЛШІ: 

Қайғылы оқиға теріскейдің дүйім жұртын дүр сілкіндірді. Жастардың өздеріне қол салуына махабат сезімі себеп болса керек. Көкшетаудан шығып, Ақжар ауданына қарай бет алған жастар біршама уақытқа із түссіз жоғалған. Араға бір тәулік салып, іздеу жариялаған тәртіп сақшылары оларды Петропавлдан 50 шақырымдай жерде, жол жиегіндегі орманнан тапқан.

Сән ЖҰМАҒАЗИНА, СҚО ПД БАС МАМАНЫ: 

8-қарашада кешкі сағат бестер шамасында СҚО Аққайың ауданы Ленинское ауылының маңындағы орман алқабында Ақжан ауданының тұрғындары 2003 жылы туылған Көкшетау колледжінің студенті және 1996 жылғы Талшық кенті тұрғынының асулы тұрған мәйіттері анықталды. Мәйіттер сот-медициналық сараптамаға жіберілді. Оқиға орнынан туыстарына арналған өлімалды хаттары, жігітке тиесілі ваз көлігі алынды. Өзін өзі өлтіру фактісі сотқа дейінгі тергеп-тексерулердің бірыңғай тізіміне енгізілді. 

23 жастағы жігіт Көкшетауда өрт сөндіру қызметінде еңбек еткен. Ал оның жүріп жүрген 16 жасар қызы сол шаһардағы «Арна» колледжінде оқыған. Білім мекемесінің жетекшісі өз шәкіртінің үлгілі, ашықжарқын студент болғанын айтады. 

Динара ТАКЕНОВА, КӨКШЕТАУ ҚАЛАСЫ «АРНА» КОЛЛЕДЖІНІҢ ДИРЕКТОРЫ: 

Екі жылдың ішінде, былтыр бірінші курсқа түсті, бір-ақ рет қана сабаққа келген жоқ, сол четверг күні. Сабаққа келмегесін сразу куратор звондаған ғой. Телефоны сөніп жатқаннан кейін куратор мамасына звондапты. Сіз білмейсіз бе деп? Мамасы да жоқ іздеп жатырмыз деп осындай хабарлама берді. Группаластарымен сөйлестік. Группаластары ешқандай мәліметті білмейді. 

Жастардың бір-біріне ғашық екенінен қос әулет хабардар болыпты. Бойжеткеннің анасы олардың кездесуіне ешкім қарсы болмағанын айтты. Ал жігіт жағы былай деп отыр. 

Рабиға БАЙМАҒАНБЕТОВА, МАРҚҰМ ЖІГІТТІҢ АНАСЫ: 

Өзі мында бір свадьба болайын деп жатқан. Сонда қыз жолдас, күйеу жолдас боламыз деп келіскен екен өздері. Енді бізге Талшық жаққа жол жоқ, бір жаққа барып тығылайық деген ғой. Содан ана Аққайың жаққа дейін шығып кеткен. Мен ешкімді кінәлағым да келмейді. Біз ол жерде болған жоқпыз. Екі бала бір-біріне шынайы ғашық болды. Қозы көрпеш пен Баян сұлу сияқты сүйгеніне кінәлі болса, енді мен басқа ештеңе айта алмаймын. 

Абзал ҚҰРМАНКИН, ТІЛШІ: 

Қозы мен Баянның нақты не себептен өздеріне қол салғаны әзірге белгісіз. Жастар хат жазып, бар сырын қағаз бетіне түсіріп кеткен. Қазір полицейлер тергеуді бастап кетті. Әзірге деректер тексерілмейінше, хатта не жазылғаны құпия қалмақ. 

А. Құрманкин

Дереккөз: astanatv.kz 

Тегтер: Қызылжар, махаббат, жасжұп, хат

Достар! Біздің телеграмма арнамызға жазылыңыздар және соңғы жаңалықтарды бірінші болып біліп отырыңыз. Жаңалықтар Сізге дереу жетеді!

Пікір қалдыру

Пікір жазу үшін сайтқа кіріп, телефон нөмірін растаңыз.