Жаңалықтар

Өзбекстанда карантин 1 маусымға дейін ұзартылды

Өзбекстанда карантин 1 маусымға дейін ұзартылды

Көршілес жатқан Өзбекстанда карантин 1 маусымға дейін ұзартылды. Дегенмен бірқатар шектеу шаралары алынған.  width= Карантинді ұзарту туралы шешімді арнайы республикалық комиссия елдегі коронавирус жұқтырған науқастар санының өсу қаупін ескере отырып қабылдаған. Сондай-ақ, Өзбекстанда 18 мамырдан бастап ел ішінде әуе және теміржол қатынастарының ішінара жұмысын жалғастыруға рұқсат берілді. Атап айтқанда Ташкенттен Нүкіске, Үргенішке, Термезге және кері бағытқа ұшатын әуе рейстері қайта жанданбақ. Сонымен қатар, Afrosiyob пойыздары Ташкенттен Навоиға, Бұхараға және Қаршиға, ал жүрдек пойыздар Ферғана алқабына (Ферғана, Андижан және Наманған облыстары) және кері бағытқа қатынай бастайды. Сондай-ақ, республика өңірлерінің қызыл, сары және жасыл деңгейлерге бөлінуіне байланысты халыққа қызмет көрсететін шағын және орта бизнестің кейбір түрлері, саябақтар, спорт стадиондары мен мұражайлар ашылатын болады. Сілтеме