Қаңтар қақтығысынан кейін тек орындаушылар қамауға алынды, шындық ашылған жоқ – экс-депутат
Қаңтар қақтығысынан кейін тек орындаушылар қамауға алынды, шындық ашылған жоқ – экс-депутат
Жаңа Қазақстанның саяси жүйесін құруға кедергі көп. Соның бірі - жаңа партиялардың тіркеуден өтпей тұрғаны. «Сұрауы бар» YouTube арнасына сұхбат берген қоғам қайраткері Серік Әбдірахманов бұған ескі биліктің өкілдерін тікелей кінәлайды деп newsroom.kz хабарлайды.
«Ұры жүйенің әдетімен бірде-бір жаңа партия әлі тіркелген жоқ. Мысалы, мені Олжас Сүлейменов шақырды. «Қазақстан халық конгресі» партиясын құрамыз деп бірнеше рет жиналдық. Петр Свойк, Ғани Қасымов келді. Жігіттер жиналып жатыр. Құжаттарын тіркеуге берді. Олжекең Тоқаевпен кездесіп, оны ашық қолдайтынын білдірген. Олжас Сүлейменовтің артында миллион халық тұр ғой. Оппозициялық емес, Президентті қолдаушы партия құрмақ. Бірақ «Қазақстан халық конгресін» тіркемей жатыр», - дейді Серік Әдірахманов.Президенттің бастамасымен партиялардың сайлауға қатысуына біршама жеңілдік берілген. Бірақ Серік Әбдірахманов өтірік саяси ұйымдардың тасы тағы өрлей ме деп күдіктенеді.
«3 мыңға жуық қолдаушылар қол жиналса жетіп жатыр. Қазір қандай партиялар бар. Ермұхамед Ертісбаевтың «Халқы» - жасанды партия, Перуашев біресе жылайды, біресе күледі. ОСДП - ұрылардың партиясы, оппозиция деген ғана аты бар. Осы үшеуі сайлауға түсе ме? Мұхтар Шаханов партиясын 2-3 жыл болды тіркей алмай жүр. Не масқара? Не өзгеріс? Сайлауды мажоритарлық түрде 97 депутат сайланады дегенді қабылдадық. Малақайды аспанға лақтырдық: «Бұл керемет» деп. Парламент демалысқа шығып кетті. Неге сайлауды кідіртеді? Ұры жүйе ақырын «тормозға» салып жатса керек. Оны2 нәрседен байқауға болады. Қаңтардан бері, міне, жарты жыл өтті, шындық пен кінәлілердің аты аталғанжоқ. Ал қамауға кімдер алынды? Негізгі айыпкерлер емес, орындаушылар», - дейді.Сұхбаттың толық нұсқасы төмендегі сілтемеде.