Жаңалықтар

Қазақстанда бір тәулікте 1104 адамнан коронавирус анықталды

Хабар 24 дереккөздеріне сүйене отырып, өткен тәулікте коронавирус инфекциясын жұқтырған 1104 жағдай тіркелді деп newsroom.kz хабарлайды.

Елімізде коронавирус инфекциясын жұқтырғандар саны 1 312 294-ке жетті. Оның ішінде: Нұр-Сұлтан қаласында - 328, Алматы қаласында - 350, Шымкент қаласында – 102, Ақмола облысында – 14, Ақтөбе облысында – 10, Алматы облысында - 88, Атырау облысында - 18, Шығыс Қазақстан облысында - 13, Жамбыл облысында - 40, Батыс Қазақстан облысында - 11, Қарағанды облысында - 58, Қостанай облысында - 15, Қызылорда облысында - 16, Маңғыстау облысында - 12, Павлодар облысында - 10, Солтүстік Қазақстан облысында - 10, Түркістан облысында - 9. Қазақстанда 334 адам коронавирус инфекциясынан жазылып шықты. Фото: Anadolu Agency, Хабар 24