Жаңалықтар

Әсіре ұлтшыл емен үңгірдегі: Балтабек Абаевқа өлең арнады

Әлеуметтік желіде жазба ақындығымен кеңінен танылған Балтабек Нұрғалиевтің кезекті шығармашылығы ҚР Мәдениет министрі Дәурен Абаевқа арналған деп жазады newsroom.kz порталы.

Айта кететін жайт, Балтабек Нұрғалиев  – 1990 жылы 16 маусым күні Ақтөбе облысы, Шалқар қаласында дүниеге келген. Т.Жүргенов атындағы Қазақ Ұлттық Өнер академиясының түлегі. Мамандығы – режиссер. Халықаралық Шабыт фестивалінің лауреаты.

Халықты жүр десеңіз қастерлеп кім?

Дер едім: Ол – Дәурені Әскербектің!

Халықтың нағыз досы – бұл тұлғамыз,

Халықтың досын мен де дос көрмекпін!

***

Білімді расыменен бұл тұлғамыз,

Ұлықтар әсіресіз ұлтын нағыз.

Әлеумет риза бүгін әдебіне,

Сұқбатын салиқалы бір тыңдаңыз!

***

Танытты салмақтылық, байыптылық,

Бұл қылық – азаматқа лайық қылық.

Жүрген жоқ популист боп, бос ұрандап,

Жүрген жоқ ұшып-қонып, хайып қуып.

***

Қазақша сөйлегені, тіл білгені –

Құрметін бар қазаққа білдіргені.

Дәуренін Әскербектің ұқпайтындай,

Әсіре ұлтшыл емен үңгірдегі.

***