92 жастағы әжей 42 шақырымды жүгіріп өткен

11 Қараша, 2019 139 0

Биыл Сан-Диегода өткен марафонда Солтүстік Каролинадан келген американдық Харриет Томпсон қырық екі шақырымдық жолды жүріп өтті. Сенесіздер ме? 42 шақырым! Жарысқа әлемнің 43 елінен 25 мың адам қатысқан. 92 жастағы марафоншы қашықтықты 7 сағат 24 минут, 36 секундта бағындырған.

Мұндай нәтижені кез-келген қарт көрсете алмайды, тіпті жастарға да қиын. Ал Шарлот тұрғыны бұл жарысқа бірінші рет қатысып отырған жоқ. Бұл оның 16-шы марафоны. Таңқаларлық нәрсе, әйел қатерлі ісік ауруына шалдықса да, спортты тастамауы.

Гарриет өзінің сәттілігінің құпиясымен былай бөлісті. Спортшы әжей өмірінің көп бөлігін кәсіби  фортепианода ойнауға арнаған. Ал марафонда ол өзіне арнап жазылған шығармаларды ойша фортепианода ойнайды және қателеспеуге, тоқтап қалмауға тырысады. Бұл оған марафонның барлық қиындықтарын жеңуге мүмкіндік береді екен.

Оны марафон кезінде ұлы Бренни ертіп жүрді. Отбасына спортпен шұғылдануға уәде берген қарт әйел мұның оңай еместігін түсінеді. Сон,да да, өмір сүруден, анығырақ әдемі өмір сүруден өзін шектемейді. Бұл оқиға желі қолданушылары мен марафонға қатысушыларды таң қалдырды.

Тегтер: әлем, жарыс, кемпір, спорт, марафон

Достар! Біздің телеграмма арнамызға жазылыңыздар және соңғы жаңалықтарды бірінші болып біліп отырыңыз. Жаңалықтар Сізге дереу жетеді!

Пікір қалдыру

Пікір жазу үшін сайтқа кіріп, телефон нөмірін растаңыз.