Талғат Бигелдинов жайлы 10 дерек

11 Қараша, 2019 183 0

1. Екі мәрте Кеңес Одағының Батыры атанған төрт Қазақстандықтың (П.Беда, С.Луганский, И.Павлов) бірі.

2. Бірінші батыр атағын 1944 жылдың 26 қазанында, екінші жұлдызын 1945 жылдың 27 маусымында алған.

3. Ол нөмірі 13 ұшақпен әуе шайқастарына қатысқан. Ұшқыштар өте ырымшыл халық, 13 нөмірмен одан басқа ешқайсысы ұшқысы келмеген.

4. Бірінші әуе шайқасына 1943 жылдың 17 ақпанында қатысқан. Араға аз уақыт салып немістің Bf.109 истребителін атып түсірген.

5. Ил-2 ұшағымен 305 рет әуедегі айқасқа қатысқан. Ол 500 сағатқа тең. Оның ұшағын немістер «Қара өлім» деп атап қатты қорыққан.

6. Ол соғыста Гитлердің сүйікті ұшқышы майор фон Дитрихті атып түсірген. Сол кезде фон Дитрихтің есебінде 200, ал Талғат Бигелдиновтың есебінде небәрі 8 әуе соғысы болған.

7. Сол кездегі ұшқыштар жау техникаларын жойғанын дәлелдеу үшін суретке түсіруге міндеттелген. Ұшқыштар әуеде жүріп суретке түсірудің шебері болған.

8. 1945 жылы 24 маусымда Қызыл алаңда өткен Жеңіс парадына қатысқан.

9. 1968 жылы Мәскеу инженерлік құрылыс институтын бітіріп, ұзақ жылдар Қазақ ССР Құрылыс саласында жұмыс істеген.

10. Ақтөбедегі әуе қорғаныс күштерінің әскери институты мен Қарағандыдағы республикалық әскери мектеп-интернатқа есімі берілген.

Дереккөз: e-history.kz порталы

Тегтер: ТалғатБигелдинов, қызықтыдеректер, КеңесОдағы

Достар! Біздің телеграмма арнамызға жазылыңыздар және соңғы жаңалықтарды бірінші болып біліп отырыңыз. Жаңалықтар Сізге дереу жетеді!

Қыздың қолы

30 Мамыр, 2019

Пікір қалдыру

Пікір жазу үшін сайтқа кіріп, телефон нөмірін растаңыз.