Жаңалықтар

Алматыда бетперде режимін енгізу ұсынылды

Алматыда бетперде режимін енгізу ұсынылды

Tengrinews.kz дереккөздеріне сүйене отырып, Алматының бас мемлекеттік санитарлық дәрігері Қасымхан Алпысбайұлы жаңа қаулыға қол қойды деп newsroom.kz хабарлайды.

"Алматы аумағында коронавирустық инфекцияның таралуының алдын алу жөніндегі шаралар туралы" 4 шілдедегі қаулыға сәйкес жабық үй-жайларда бетперде режимін енгізу ұсынылды.

Сондай-ақ, коронавируспен ауырған кісілермен байланыста болған адамдарды, жүкті әйелдерді және вакцинацияланбайтындарды қашықтан жұмыс режиміне ауыстыру ұсынылады.

Қаулы 7 шілде сағат 00.00-ден бастап күшіне енеді.

Фото: Tengrinews.kz/Алихан Сариев