Қайтыс болған әкесіне хат жазған 6 жасар қыз күтпеген жауап алды

08 Қараша, 2019 219 0

Англияның Уиднес қаласының 6 жасар тұрғыны қайтыс болған әкесіне құттықтау хатын жолдаған. Оған біраз уақыттан кейін жауап келіпті.

Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Daily Mail басылымына сілтеме жасап хабарлайды. 

Алты жасар Холли Морган 2018 жылдың маусым айында әкесі Найджелден айырылып қалған. Ол пневмониядан қайтыс болыпты. Содан бері қыз анасы Лаура Алленмен әкесі туралы көп сөйлескен екен. 

2018 жылы Холли Рождество мейрамында «көктегі әкесіне» шар ұшыруды ұйғарыпты. Сол кезде әкесінің туған күніне құттықтау хатын жіберу туралы ой пайда болған. 

«Ол әкесін туған күнімен құттықтағысы келді. Күйеуім қазан айында 47 жасқа толар еді», - дейді Аллен.

Холли хаттың сыртына «Көктегі әкеме хат» деп жазған. Жергілік пошта қызметкерлері қыздан хаттың сыртына кері мекенжайды көрсетуді сұрапты. Олар хат иесіне жеткен кезде, міндетті түрде хабарлайтындарын айтқан. 

Арада бірнеше күн өткеннен кейін Алленнің пошта жәшігінде «Холлиге» деген жазуы бар хат пайда болыпты. Онда хаттың «жұлдыздар мен басқа да галактикалық нысандардан асып, иесіне жеткені» жазылған.

«Ол жауап алған кезде қатты қуанды. Пошташы хатын расымен де көкке жеткізді деп ойлап жүр. Менің ойымша, бұл жағдай оған ауыр қайғыны еңсеруге көмектесті. Ендігі ол әкесіне хат жазып, өмірі туралы айта алатынын біледі. Енді тағы да хат жазатыны анық», - дейді қыздың анасы.

Сонымен қатар Аллен пошта қызметкерлеріне алғыс білдірді.

Достар! Біздің телеграмма арнамызға жазылыңыздар және соңғы жаңалықтарды бірінші болып біліп отырыңыз. Жаңалықтар Сізге дереу жетеді!

Пікір қалдыру

Пікір жазу үшін сайтқа кіріп, телефон нөмірін растаңыз.